Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Әскери қызметші Қазақстанның Рекордтар кітабына ен...

Әскери қызметші Қазақстанның Рекордтар кітабына енді

Өмір-өзен 27.10.2022, 04:59 1,833
Әскери қызметші Қазақстанның Рекордтар кітабына енді
Сурет: SN.kz

Ол 350 шақырымды 47 сағат 23 минутта жүгіріп өтті.


Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы қамтамасыз ету ротасы жауынгерлік көлігінің командирі, 3-сыныпты сержант Рауан Абылхановтың есімі Қазақстанның Рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметші ультрамарафонды сәтті аяқтады. Ол «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Алматы облысының Шелек ауданы бағытында 350 шақырымды 47 сағат 23 минутта жүгіріп өтті.


Марафоншыны мәре сызығында институт басшылығы, әріптестері, туыстары мен достары қарсы алды.



«Табандылық пен жеңіске деген ерік-жігердің арқасында 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов 47 сағат 23 минутта межелі қашықтықты жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. Рауан - өз мақсатына жетуде бар-күш жігерін аямаған нағыз жауынгер», – деді әскери институт бастығының бірінші орынбасары, подполковник Жәнібек Сарғазин.



Рауан Әбілхановтың жеңіл атлетикамен айналысқанына он жылдан асыпты. Рекордсмен - Алматыда және еліміздің Қарулы Күштерінде өткен бірнеше марафондардың жеңімпазы.



«Бұл - менің ғана емес, барлық әріптесімнің, туыстарымның, достарымның жеңісі. Олардың сенімі мен үмітін ақтау үшін бар күш-жігерімді салдым», – дейді 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов.



Марафоншының құрметіне өткен салтанатты жиында Қазақстан Рекордтар кітабының өкілдері оған тиісті сертификат табыс етті. Ал достары Kia Rio автокөлігін сыйға тартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Рекорд #сержант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30

Ресейдегі жаппай төбелеске қатысты СІМ жаңа мәлімет таратты

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика