Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Бізді де біле жүріңіз / ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГТЫҢ МИССИЯСЫ

ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГТЫҢ МИССИЯСЫ

Бізді де біле жүріңіз Бүгін 18:37 36
ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГТЫҢ МИССИЯСЫ
автордың архивінен

Адам жанының саулығын сақтауға, қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып жүрген мамандық иелері – психологтарға қазіргі уақытта сұраныс көп. Аталған сала өкілдерінің әскери ортада да рөлі ерекше. Олар жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын қамтамасыз етіп, қызметтік міндеттердің сапалы орындалуына ықпал етеді.

 «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет ететін подполковник Альмира Құрманәлиева – осы бағыттағы кәсіби мамандардың бірі. Ол – жиырма жылдан астам уақыт бойы әскери қызметте жүріп, психологиялық қамтамасыз ету саласында мол тәжірибе жинақтаған офицер. Әскердегі психологтың қызметі жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығын сақтауға, ұжымдағы өзара сенімді нығайтуға және әскери қызметшілердің стреске төзімділігін арттыруға бағытталған. Жүйелі түрде жүргізілетін психологиялық жұмыстар жауынгерлік даярлықтың деңгейіне және қызметтік міндеттердің тиімді орындалуына әсер етеді.

Өзінің қызметі жайлы Альмира Бірлікқызы:

– Біздің күнделікті жүргізетін жұмыстарымыз: жауынгерлердің психологиялық дайындығын арттыру, әскери ортадағы стреске төзімділікті дамыту, қиын жағдайларда шешім қабылдау қабілетін күшейту. Әскери қызметшілердің эмоционалдық жағдайын бақылау – жеке әңгімелер мен топтық тренингтер арқылы эмоционалдық жағдайды бақылап, психологиялық қолдау көрсету. Жеке құрамның жауынгерлік қызметтен кейінгі бейімделуіне көмектесу, оңалту жұмыстарын жүргізу. Отбасы мәселелері бойынша кеңес беру де қызметіміздің маңызды бөлігі.  Әскерде тәртіп пен жауапкершілік бірінші орында, ал Ұлттық ұланда қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе, –дейді .

Альмира Бірлікқызы әскерге келгенде 22 жаста ғана еді. Оқуын бітіріп, еңбекке араласқан талдырмаш қыз әскери қызметке, әскери ортаға бірден төселіп кетті. Ол қызметін 7552 әскери бөлімінде аудармашы  болып бастап, кейіннен Алматы құрамасының басқармасына мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі маман ретінде ауысты. Қызмет ете жүріп, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында психология саласы бойынша екінші жоғары білім алады.

Психолог лауазымы сол тұста әскерге көптеп енгізіліп жатқан. Мамандар қат, қазіргідей жоғары оқу орынның бәрі психологтарды дайындай бермейді. Қызметте де  салынған соны сүрлеу, жинақталған тәжірибе жоқ. Өзі үшін де, әскер үшін де жаңадан ашыла бастаған саланың қызметін қайсар қыз тәуекел деп бастап кетті. Одан бері офицерге тән қиын да қызықты, мәнді де мағыналы жолды абыроймен өтіп келеді.  Қандай жағдай, қай уақыт  болмасын ол өзінің қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап,  кәсіби тұрғыда қалыптасты.

Бүгінде подполковник Альмира Құрманәлиева өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқарып, жеке құрманың психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге тұрақты үлес қосып келеді. Оның қызмет жолы кәсібилікке, жауапкершілікке және әскери борышқа адалдыққа негізделген.

Запастағы подполковник Данара Баймағанбетова,

Алматы қаласы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайына қақтығыс аймағынан 314 қазақстандық жеткізілді

Бүгін 18:30

Тоқаев тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Бүгін 17:42

Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қатер және алдын алу шаралары

Бүгін 17:15

Елімізде жаңа жедел нөмір іске қосылды

Бүгін 17:11

Әйелдер  мерекесінің тарихы

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі