AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / “Әскерде мені зорлады”. Threads-тағы жалған жазба...

“Әскерде мені зорлады”. Threads-тағы жалған жазба авторы Астанада ұсталды

Заң мен тəртіп 27.03.2026, 11:37 226 Дина
“Әскерде мені зорлады”. Threads-тағы жалған жазба авторы Астанада ұсталды

Астанада әлеуметтік желідегі Threads платформасында әскердегі зорлық туралы жалған жазба жариялаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, 23 ақпанда Threads желісінде анонимді жазба жарияланып, оның авторы әскерде қызмет еткен кезде өзіне сексуалдық зорлық жасалғанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол қудалаудан қорқатынын айтып, елден шұғыл кету үшін қаржылай көмек сұраған. Жазбаға ақша аударуға арналған банк деректемелері де тіркелген.

Алайда жазбаның шынайылығына күмәнданған желі қолданушыларының бірі полицияға жүгінген. Тексеру барысында көрсетілген банк шотының 17 жастағы жасөспірімге тиесілі екені анықталған. Оның айтуынша, шот деректерін ол хостелде танысқан адамға берген. Әлгі адам өз есепшотында мәселе барын айтып, ақша аударымдары үшін көмектесуді сұраған.

Екі күн ішінде бұл есепшотқа жүзден астам аударым түскені белгілі болды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жазбаның авторы анықталып, ұсталды. Полицияның мәліметінше, жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сонымен қатар күдіктінің әскерге мүлде қатысы болмаған және ешқашан әскери қызмет өтемегені анықталған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 23 жастағы азамат жалған ақпаратты әдейі ақша жинау мақсатында жариялаған. Аталған фактілер бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату және алаяқтық баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 11:29

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);