Ашығудың ағзаға пайдасы мен зияны: нені ескерген жөн?

Ашығудың ағзаға пайдасы мен зияны: нені ескерген жөн? Сурет: Freepik

Семіздік - бұл генетикалық бейімділіктің де, сыртқы факторлардың да әсерінен дамитын көп факторлы ауру.  Оған әсер ететін негізгі сыртқы фактор - тағамды шамадан тыс тұтыну.  Тұқым қуалаушылық семіздік қаупін арттырады немесе азайтады, артық тамақтанусыз семіздік дамымайды.   Басқаша айтқанда, генетикалық бейімділік - бұл семіздіктің дамуына кепілдік емес, тек бейімділік; артық тамақтану — бұл міндетті шарт.

Сурет: ЖИ

 

Артық салмақпен күресуде медициналық ашығудың пайдасы мен зияны жайлы кеңірек білу үшін маманмен сұхбаттасуды жөн көрдік. Ол үшін медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың эндокринология кафедрасының меңгерушісі, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс эндокринологы Светлана Викторовна Большаковаға жүгіндік.

 

1.Светлана Викторовна, денсаулық үшін ашығудың қандай түрлері қауіпсіз? (интервалды, тәуліктік немесе ұзақ уақыт)

 

Медициналық ашығу туралы алғашқы ескертулер біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырдан басталады және ежелгі грек ғалымы мен Гиппократ дәрігерінің жазбаларында кездеседі. Орта ғасырларда көптеген аурулар ашығу арқылы  емделді. Үнді йогасы тамақтан бас тарту денені және ақыл-ойды тазартады деп санайды. Ақыр аяғында, барлық діндерде ораза ұстайтын күндер бар, олар тек төмен калориялы тағамдарды жейді немесе толықтай тамақтан бас тартады. Сонымен, Рамазан айында мұсылмандар қараңғы уақытта ғана ішіп-жей алады, православтар мезгіл-мезгіл ораза ұстайды. Осылайша, ғасырлар даналығы бізге дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда, соның ішінде діни дәстүрлерде кездесіп келеді. Қазіргі ғалымдардың мезгіл-мезгіл ораза ұстаудың пайдасы туралы ашқандары біздің ата-бабаларымызға бұрыннан белгілі еді.

Сурет: ЖИ

Соңғы жылдары семіздік және сонымен ілесе жүретін аурулармен күресудің тиімді шарасы ретінде зерттелетін әртүрлі диеталарға, соның ішінде салауатты гипокалориялық тамақтануды қамтитын дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда көбірек көңіл бөлініп келеді. Интервалды ашығу, тәуліктік (күнделікті) ораза және ұзағырақ ұсталатын оразаның өзіндік ерекшеліктері мен ықтимал қауіптері бар. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей:

Интервалды ашығу (мысалы, 16:8 схемасы) ең қауіпсіз және тиімді әдістердің бірі болып саналады, мұнда адам тәулігіне 8 сағат бойы тамақты шектеусіз жейді, ал қалған 16  сағат бойы тамақтан тыйылады. Тамақтанудан бас тарту кезінде су ішуге рұқсат етіледі. Қазіргі уақытта интервалды ашығу тақырыбына қатысты пікір таластыратындар көп. Бұл оның әлі тәжірибеге қатты ене қоймауымен және осы тақырып бойынша ғылыми ақпараттың аздығымен  байланысты болар. Интервалды ашығу денеге тұрақты ас қорытудан демалуға мүмкіндік береді, бұл метаболизмді жақсартуға, инсулин деңгейін төмендетуге және аутофагияны белсендіруге көмектеседі. Аутофагия - бұл жасушаларға қоректік заттар жеткіліксіз болған кезде белсендірілетін процесс. Бұл организмнің азық-түлік ресурстары шектеулі жағдайларға бейімделуінде рөл атқаратын механизм. Ашығу арқылы белсендірілген аутофагия жасушалардың «жасаруына» және метаболикалық гомеостаздың сақталуына ықпал етуі мүмкін. Дегенмен, барлық зерттеушілер ИА салмақ пен тамақтануды бақылаудың басқа әдістерінен асып түсетініне келіспейтінін ескеру маңызды. Зерттеулер көрсеткендей, интервалды ашығу жүрек-қан тамырлары денсаулығын жақсартады және созылмалы аурулардың қаупін азайтады.

Сурет: news.inbox.lv

 

Тәуліктік ашығу (24 сағат) да көп адамдар үшін қауіпсіз болуы мүмкін, бірақ оны жиі қолданбаған жөн. Бұл салмақты бақылауға және метаболикалық көрсеткіштерді жақсартуға көмектеседі. Мұндай ашығу тамақ аллергиясы кезінде жақсы жұмыс істейді. Дегенмен, кейбір адамдар үшін, әсіресе белгілі бір медициналық жағдайлары немесе қант диабетінің 1 типімен ауыратын адамдар үшін бұл қауіпті болуы мүмкін.

Сурет: freepik.com

 

Ұзақ уақыт ашығу(48 сағаттан артық) сақтықты қажет етеді және медициналық бақылаусыз қауіпті болуы мүмкін. Бұл қоректік заттардың жетіспеушілігіне, бұлшықет массасының жоғалуына және денсаулыққа қатысты басқа да күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін. Ұзақ уақыт ашығу тек дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.

 

2. Қазіргі уақытта кето-диета дегенді жиі істіп жүрміз. Осы туралы кеңірек ашып айтып бересіз бе?

 

 - Кето – диета – бұл негізінен майлар мен ақуыздарды тұтынуға бағытталған төмен көмірсутекті диета. Оның мақсаты - көмірсулардың орнына майларды негізгі энергия көзі ретінде қолдана бастаған кезде денені кетоз күйіне келтіру.

Кето диетасының артықшылықтары:

1.Көмірсулардың азаюы мен майдың көбеюіне байланысты салмақ жоғалту тәбетті бақылауға көмектеседі.

2. Қандағы қантты бақылау, бұл диета 2 типті қант диабетімен ауыратын адамдарға пайдалы.

Бірақ, кез-келген диета сияқты, бұның да  қарсы көрсетілімдері бар:

1.     Бұл 1-ші және 2-ші типті қант диабетімен ауыратын науқастар, егер пациент SGLT2 ингибиторларын қабылдаса.

2.     Бауыр немесе бүйрек аурулары бар адамдар кето диетасынан аулақ болу керек, себебі бұл органдарға жүктемені арттыруы мүмкін.

3.     Жүктілік және лактация кезеңіндегі әйелдерге дәрігермен кеңесусіз қатаң кето диетасын ұстану ұсынылмайды.

4.  Панкреатит, ішек бұзылыстары бар немесе басқа да ауыр аурулары бар адамдар диетаны бастамас бұрын дәрігермен кеңесу керек.

Бұл жерде ескере кететіні, кез келген диетада неме ашығу түрінде бір ғана принцип бар – ол тамақтану рационында калорияны азайту. 

 

Сурет: https://sportadvice.ru

 

3. Ағзаға зиян келтірмес үшін қанша уақыт ашығуға болады?

Сурет: Unsplash

- Дені сау адам тамақ ішпей шамамен бір ай өмір сүре алады. Бірақ ол үшін үнемі су ішу керек.  Бірақ тамақсыз қанша уақыт жүруге болатынына көптеген факторлар әсер етеді – салмақ, денсаулық жағдайы, климат және т. б. Адам сусыз 5-7 күн ғана өмір сүре алады.

 

4. Қандай жағдайларда ашығу әдісін қолдануға болмайды? Немесе бұл әдістің кімдерге қарсы көрсетілімдері бар? 

 

1. Жүктілік және бала емізу кезеңіндегі әйелдер ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін тұрақты және теңдестірілген тамақтануды қажет етеді.

2. Анорексия немесе булимия сияқты ас қорыту  бұзылыстары бар адамдардың ашығу кезінде жағдайы нашарлауы мүмкін.

3. Туберкулездің белсенді фазасында.

4. Дене салмағының индексі төмен (BMI) немесе салмағыи төмен адамдарға ашығуға болмайды, себебі бұл жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін.

5. Балалар мен қарт адамдар ашығудың жағымсыз салдарына шыдамауы мүмкін, сондықтан олар ашығу иәдісінің қатаң режимдерінен аулақ болу керек.

6. Иммундық жүйесі әлсіреген немесе иммуносупрессивті терапиядағы адамдар ораза ұстаудан, ашығудан сақ болу керек, себебі бұл олардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

7. Қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқастар. Бірақ бұрын инсулинге дейін оларды диета көмегімен емдейтін.

8. Дәрі-дәрімек қабылдау: кейбір дәрілер кері әсері немесе олардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін үнемі тамақ  тұтынуды қажет етеді.  

9. Қатерлі ісік дертінің асқынған формасы. Мұндай кезде адамдардың өздігінен қозғалуы да қиындайды.

10. Психикалық ауруы бар адамдар.

Кез-келген ашығу режимін бастамас бұрын, сіздің жағдайыңызда Ораза ұстамас бұрын мүмкін болатын қауіптер мен артықшылықтарды бағалау үшін дәрігермен немесе дұрыс тамақтану маманымен кеңескен жөн.

Сурет: 24health.by

 

5.Ашығуға  қалай дұрыс дайындалу керек және одан зиянсыз қалай  шығуға болады?

 

- Ашығуға (Оразаға) дайындық, оның ұзақтығына қарамастан, медициналық тексеруді және диетаны біртіндеп өзгертуді қамтитын кешенді тәсілді қажет етеді. 

Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін алдын ала физикалық тексеру қажет. 

Мәзірге табиғи шырындар, шөп қайнатпаларын енгізу керек. Процедураның сәтті өтуінде маңызды рөл атқаратын психологиялық дайындық өте маңызды.

Жаман әдеттер - темекі шегу, алкогольді ішімдік тұтыну – осы кезеңде де толығымен алынып тасталуы керек. Тұз мөлшерін азайту да өте маңызды, сіңуі қиын ауыр тағамдардан, сондай-ақ барлық «зиянды заттардан» - фаст-фуд, тәттілер, консервілер, ысталған еттерден бас тарту керек.

Ашығу кезеңінде көп мөлшерде таза су ішу керек - ағза сұйықтыққа қаныққан болуы керек және адамның көп су тұтынуына бейімделген болуы керек.

Егер бір күн ашығуды жоспарласаңыз, онда бір күн бұрын тек жеңіл көкөністер мен жемістер жеуге болады. Егер қатарынан үш күн ашығуды жоспарласаңыз, онда мәзірді үш күнге қарай реттеу керек. Бірінші күні ботқа мен көкөністерді, екінші және үшінші күні – көкөністер мен жемістерді тұтыну керек.

Ашығудан шығуға да мән берген жөн. Бұл өте маңызды кезең, ол диетаны біртіндеп тоқтатуды және сақтықты қажет етеді, әсіресе ұзақ уақыт тамақтанудан бас тартқаннан кейін. Шығу ұзақтығы, кем дегенде, ашығу ұзақтығына сәйкес келуі керек.  Сұйықтықтардан бастау керек ,  біртіндеп сұйық тағамға (суға піскен ботқа), содан кейін ғана — біртіндеп тығыз асты азғантай мөлшерде және мұқият шайнап отырып жеу керек. Қалыпты тамақтануға бірден оралу денсаулықта  ауыр қиындықтарға әкелуі мүмкін.  Әлсіздік болып пен бас айналуы мүмкін — ағзаның ас қорытуды қалпына келтіруге реакциясы, қосымша демалуды қажет етеді.

 

6. Ашығу диетасының алдында қандай талдаулар тапсыру керек? Сөз басында Ораза ұстау жөнінде айтып қалдыңыз. Ауыз бекітуге ниеттеніп жүрген жандарға қандай кеңес берер едіңіз?

Сурет: cmed72.ru

- Жалпы қан талдауы, холестерин, қан глюкозасы, инсулин, бауыр ферменттері, зәр қышқылы, калий, жалпы билирубин, креатинин, коагулограмма, жалпы зәр талдауы, TТГ гормондары, T4св, T3 св тапсырған дұрыс болады.

Ашығу да, Ораза ұстау да – жауапкершілік пен дайындықты қажет ететін күрделі процесс. Ашығуды қолға алмас бұрын қажетті талдауларды тапсыру жасырын тапшылықтарды анықтау, ағзаның стресске дайындығын бағалауға, ықтимал асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Мұсылмандардың тамақтан тыйылатын оразасында адам алғаш рет ауыз бекітуге ниеттенсе және денсаулығында қандай да бір кінәрат болса, дәрігер мамандарға барып, кеңескен жөн. 

 

7. Ашығу инсулин деңгейіне және оған сезімталдыққа қалай әсер етеді? Ашығудың  инсулинге төзімділікке немесе қант диабетіне көмегі бар ма?

 

- Ашығу кезеңінде қандағы инсулин деңгейі төмендейді, бұл глюкозаның түсуінің азаюымен және энергияның май қорларынан пайдаланылуымен байланысты. Инсулиннің бұлай төмендеуі оған деген сезімталдықтың жақсаруына ықпал етеді, бұл инсулинге төзімділіктің және метаболикалық синдромның алдын алу мен емдеуде маңызды фактор болып табылады.

Зерттеулер көрсеткендей, интервалды ашығу метаболизм көрсеткіштерінің жақсаруына әкелуі мүмкін, оның ішінде аш қарындағы глюкоза мен инсулин деңгейінің төмендеуі, сондай-ақ тамақтан кейін организмнің инсулинге реакциясының жақсаруы. Бұл өзгерістер жасушалардың глюкозаны тиімді пайдалануына ықпал етіп, 2-ші типті қант диабетінің даму қаупін азайтуы мүмкін.

Осылайша, ашықтыру метаболикалық денсаулықты жақсартуға және инсулинге сезімталдықты арттыруға пайдалы құрал бола алады.

 

8. Ашығу кортизол мен басқа да күйзеліске ұшырауға бейім гормондарға қалай әсер етеді?

 

- Ашығу кезінде стресс гормоны болып табылатын кортизол деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бұл ағзаның аштықты күйзеліс ретінде қабылдауымен және энергия теңгерімін сақтау механизмдерін белсендіруімен байланысты. Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесі іске қосылып, кортизолдың бөлінуі артады. Бұл ағзаға энергия қорларын, мысалы, глюкоза мен май қышқылдарын жұмылдыруға көмектеседі.

Сондай-ақ, ашығу кезінде адреналин мен норадреналин сияқты гормондар да көбейеді, олар да стресс реакциясына қатысады. Бұл гормондар энергия деңгейін көтеріп, тамақ жетіспеген жағдайда физикалық жұмыс қабілетін жақсарта алады.

Созылмалы ашығу немесе ұзақ уақыт шектелген жағдайда тамақтану кортизол деңгейінің тұрақты жоғарылауы мүмкін, бұл денсаулыққа кері әсер етіп, күйзеліспен байланысты аурулардың даму қаупін арттыруы мүмкін. 

 

9. Қалқанша безі үшін ашығу қалай болар екен? Бұл гипотиреозды тудыруы мүмкін бе?

Сурет: belok.ua

- Ашыққан кезде тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейі уақытша төмендеуі мүмкін, бұл зат алмасудың баяулауына әкеледі. Алайда, қалыпты тамақтануға оралғаннан кейін ТТГ деңгейі қалпына келеді.

Ұзақ уақыт ашығу трийодтиронин (Т3) мен тироксин (Т4) деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін, бұл зат алмасуға әсер етуі мүмкін. Қысқа мерзімді ашығу (мысалы, 24 сағат) да бос Т3 деңгейін төмендетеді.

Ағза ашығуға бейімделе алады, Т4-ті Т3-ке айналдыратын ферменттердің белсенділігін өзгертіп, бұл тамақ тапшылығы жағдайында гомеостазды сақтауға көмектеседі.

Жалпы, қысқа мерзімді ашығу қалқанша безі үшін қауіпсіз болуы мүмкін. Ашығу гипотиреоз тудыруы мүмкін бе деген сұраққа нақты жауап беру қиын, өйткені бұл туралы зерттеулер жоқ. Егер денсаулықта қалқанша безімен байланысты проблемалар,  ашығуды бастамас бұрын дәрігермен кеңескен жөн.

 

10. Ашығу немезе ауыз бекіту жыныс гормондарына қалай әсер етеді?

 

- Ашығу немесе ораза ұстау ер адамның жыныстық гормоны – тестостеронның төмендеуіне ешқандай әсер етпейді.

Бірақ әйел адамдарға әсер етеді. Рамазан айында 22-25 жас аралығындағы әйелдер арасында зерттеу жүргізілген. Оның барысында оразаның қан плазмасындағы прогестерон мен пролактин мөлшеріне және әйелдердің ұрпақ өрбіту физиологиясына әсері зерттелген. Нәтижелер көрсеткендей, олардың 80%-ында қан плазмасындағы пролактин деңгейі төмендеген, ал прогестерон деңгейі өзгеріссіз қалған. Осыдан кейін зерттеушілер бала емізетін аналарға оразаны тоқтатуды ұсынды. Бұл зерттеу пролактиннің жоғары мөлшерінен туындаған бедеулікті емдеуде Оразаның маңыздылығын көрсетеді. Өйткені, Ораза кезінде пролактин деңгейі төмендегенде, әйелдің табиғи жолмен бала көтеру қабілеті қалпына келеді.

 

11. Ауыз бекіту метаболизмге қалай әсер етеді? Бұл процесті жылдамдата ма әлде баяулата ма?

- Жаңа зерттеу ашығудың метаболизм белсенділігін арттырып, антиоксиданттар өндіретінін және кейбір жасқа байланысты өзгерістерді кері қайтаруға көмектесетінін көрсетті. Окинава ғылым және технология университетінің, сондай-ақ Киото университетінің ғалымдары бұрын белгісіз болған 30 затты анықтады, олардың мөлшері аштық кезінде көбейеді және денсаулыққа түрлі пайдалы әсерлері бар.

Ұзақ ашыққан кезде организм энергияны үнемдей бастайды және зат алмасу процесін баяулатады.

 

12. Ашығу мен қимыл-қозғалыс, физикалық белсенділікті қалай дұрыс үйлестіруге болады?

Сурет: dzen.ru

- Ашығуды жаңадан бастағандарға жеңіл физикалық қозғалыстан бастаған жөн, мысалы, таза ауада күнделікті серуендеу. Кемінде 30 минут серуендеу ұсынылады. Өзіңізді қалай сезінетініңізге назар аударғаныңыз жөн. Егер бас айналу немесе әлсіздік сезінсеңіз, өзіңізге түсетін күшті азайтыңыз немесе серуендегенде жалғыз жүрмеңіз. 

Ағза ашығуға бейімделгеннен кейін, белсенді қимылдарды қосуға болады, мысалы, жүзу, жеңіл жүгіріс, созылу жаттығулары және йога.

Ұзақ ашығу кезеңінде (5 күннен астам) жылдамдықты немесе командалық спорт түрлерінен бас тарту қажет. Бұл кезеңде глюкоза бөлінуі баяулайды, ал қарқынды жаттығулар энергия қорын тез тауысып жіберуі мүмкін.

Ең бастысы – баяу қарқындағы жаттығуларды таңдау, осылайша жағымсыз әсерлердің алдын алып, энергия деңгейін ұстап тұруға болады.

Суды жеткілікті мөлшерде ішуді ұмытпаңыз, өйткені су тепе-теңдігін сақтау өте маңызды. Бұл ережелерді ауыз бекіткен адамдарғада ұстауға болады.

 

13. Неліктен ашығу диетасынан кейін немесе Ораза біткен соң адамдар тез салмақ жинай бастайды?  Диетадан соң қалыпқа келген салмақты қалай ұстап тұруға болады?

Сурет: fitomarket.com.ua

- Барлық диеталар мен ашығудан кейін ең қиын нәрсе – салмақты ұстап тұру. Көп жағдайда салмақты қайта қосқаннан бөлек, тіпті артып кетуі мүмкін.

Салмақтың қайта қосылуының ең жиі кездесетін себептері:

         1.      Бұрынғы тамақтану әдеттері мен өмір салтына оралу.

         2.      Жиі жеңіл-желпі тамақтану, кешкі уақытта тамақтану және зиянды тағамдарды тұтыну.

         3.      Аз қозғалу, белсенділіктің төмен болуы.

Салмақты тұрақты ұстап тұру үшін өмір бойы дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікке мән беру қажет.

 

13. Пайдалы кеңестеріңіз үшін көп рақмет! Бір аңғарғаным, ашығудың қай түрі болмасын, тіпті Ораза ұстап, ауыз бекітпес бұрын дәрігермен кеңесіп алған жөн ғой?

 

- Иә, әр адам өзінің денсаулығында өзгерістерге, ерекшеліктерге мән беру керек. Әр адамның шама-шарқы, денсаулығы бірдей емес. Біреуге қонған ем немесе біреуге жаққан диета басқа адамға кері әсерін беруі мүмкін. Сондықтан, «өзім білемге» баспай, мамандармен кеңескен жөн. 

-        ---Сұхбатыңызға рақмет!

-         ---Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:39

11:13

10:34

10:10

09:48

09:08

22:02

21:36

21:24

21:16

21:13

19:07

18:11

17:49

17:34

17:31

17:29

17:20

16:41

16:38

16:36

16:33

16:32

16:29

16:24