AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Асхат Тағыберген бүкіл ел үшін күтпеген мәлімдеме...

Асхат Тағыберген бүкіл ел үшін күтпеген мәлімдеме жасады

Спорт 10.06.2025, 10:23 886 dulatbekova
Асхат Тағыберген бүкіл ел үшін күтпеген мәлімдеме жасады
Cурет: ҚФФ

Қазақстан футболының көшбасшы ойыншыларының бірі Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді.

Бұл туралы Солтүстік Македониямен болған ойыннан кейін өткен баспасөз мәслихатында бас бапкер Әли Әлиев хабарлады.

Астана қаласында өткен матч 0:1 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

34 жастағы жартылай қорғаушының бұл шешімі тек команда үшін ғана емес, бүкіл ел үшін де күтпеген мәлімдеме болды.

Асхат Қазақстан құрамасында 2014 жылы алғаш рет өнер көрсетті. Ал 2021 жылы капитандық міндетті өз мойнына алып, команданың тірегіне айналды. Осы уақыт аралығында ол 63 матч өткізіп, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Ол Уэльс пен Сан-Марино құрамаларына гол соқса, Дания қақпасына соққан аты аңызға айналған голы арқылы ФИФА-ның Пушкаш сыйлығына ұсынылды. Әрине, марапат қолына тимеді, бірақ бұл сәт ел футболының алтын қорына енді.

Асхат – Пушкаш сыйлығына ұсынылған Қазақстанның алғашқы әрі әзірге жалғыз футболшысы. Оның Дания қақпасына бағыттаған зымырандай соққысы әлі күнге дейін жанкүйерлердің есінде.

"Мен құраманың жолында барымды салдым. Енді эстафетаны жас ойыншыларға тапсыратын кез келді. Осы жылдар ішінде қолдау білдірген бапкерлерге, әріптестеріме және жанкүйерлерге алғысым шексіз. Бұл – өмірімдегі ерекше кезең болды", – деді Асхат матчтан кейін.

Асхат әзірге клуб деңгейінде өнерін жалғастырып жатыр. Ол әлі де жоғары деңгейде ойнап, жас буынға үлгі болуда. Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау кәсіби тұрғыда салмақты шешім, әрі нағыз спорт шеберіне лайық қадам.

"Тағыберген – үлгі боларлық ойыншы. Ол футболмен өмір сүрді, әрдайым команда үшін жанын салды. Біз оның алаңдағы көшбасшылығын сағынатын боламыз", – деді Әли Әлиев.

Жанкүйерлер Асхатқа шын жүректен алғыстарын білдіруде. Оның ерен еңбегі, адалдығы мен эмоцияға толы ойындары Қазақстан футболының тарихында мәңгі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асхат Тағыберген #футбол #мәлімдеме #мансап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);