AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Асхат Жіткеев Дзюдо федерациясы президентінің мінд...

Асхат Жіткеев Дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарады

Спорт 12.03.2022, 13:38 1,633 Almaty-akshamy
Асхат Жіткеев Дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарады
Cурет: Baq.kz

Халықаралық турнирлерде 400-ден астам медаль жеңіп алынды


Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысынан кейін  ҚДФ бас хатшысы Асхат Жіткеев президент міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 


Өз кезегінде Қайрат Қожамжаров отандық дзюдо қауымдастығына алғысын білдірді. 


«Дзюдо федерациясының президенті өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуыма байланысты барлық қазақстандық дзюдошыларға, жаттықтырушыларға, федерация менеджерлеріне, Дзюдо деп аталатын үлкен отбасымызға шынайы алғысымды білдіремін!


Сіздермен бірге жұмыс істеген қысқа мерзім ішінде жоғары кәсібиліктің және жаттықтырушылар мен спортшылардың күш-жігерінің арқасында жоғары жетістіктерге қол жеткізілді.


Халықаралық турнирлерде 400-ден астам медаль жеңіп алынды. 2019 жылы 16 салмақ дәрежесінде әлемнің 61 елінен 462 спортшының қатысуымен ұлдар мен қыздар арасында әлем чемпионаты сәтті өтті.


2021 жылдың қорытындысымен медальдар саны бойынша Қазақстан IJF халықаралық рейтингінде 5-орынды иеленді.


2021 жылы біздің Елдос Сметов Токио-2020 XXXII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.


Сіздерге бірлескен табыстарымыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін! Сіздерге жаңа жетістіктер мен жеңістер тілеймін!


Ұжымға одан әрі даму мен ырыс-береке тілеймін!», - делінген арнайы хабарламада.


Қайрат Қожамжаров 2018 жылдың 23 қазанынан бастап Қазақстан дзюдо федерациясының президенті қызметін атқарып келді. Федерацияның жаңа президенті арнайы Конференцияда сайланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асхат Жіткеев #дзюдо #федерация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);