AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Асхат Аймағамбетов: Орта білім беру саласындағы ба...

Асхат Аймағамбетов: Орта білім беру саласындағы басты міндет – оқу бағдарламаларын жаңарту

Білім және ғылым 08.02.2022, 14:54 1,890
Асхат Аймағамбетов: Орта білім беру саласындағы басты міндет – оқу бағдарламаларын жаңарту
baq.kz

Оқу бағдарламаларының кемшіліктерін түзеу керек – Асхат Аймағамбетов




Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында министр Асхат Аймағамбетов оқу бағдарламалары жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz




Орта білім беру саласындағы басты міндет – оқу бағдарламаларын жаңарту. Әсіресе, мұғалімдер бағдарламаның кейбір тұстарын жөндеу керегін айтып жүр. Оны сарапшылар да көтерген болатын. Бұл сын орынды. Бағдарламалардың кемшіліктерін түзеу керек. Бұл – ауқымды, күрделі, маңызды жұмыс. Онымен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Олар штаттық режимде жұмыс істеулері керек. Онлайн форматта оның тиімділігі жоғары болмайды, - деді БҒМ басшысы.



Министрдің сөзінше, жұмыс тобының құрамына әдіскерлер, елдің үздік мұғалімдері, ғалымдар, сарапшылар мен мамандар тартылуы керек.



- Оқу мақсаттары тым күрделі, қайталауға уақыт аз, жас ерекшелігі тұрғысынан ерте берілген тақырыптарға қатысты сын-пікірлер көптен бері айтылып жүр. Сол себепті осы бағыт бойынша жұмыс істеуіміз керек. Бұл бағдарламалар  2015 жылы бекітіліп, оған 2016 жылдан 2021 жылға дейін мектептер кезең-кезеңімен көшті. Әрине, орта жолда тоқтатып қойып, оған өзгерістер енгізуге де болмайды. Енді олардың тиімді де, тиімсіз жақтарын байқаған соң кешенді жұмысты жүргізуіміз қажет, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында.



Бас ұстаз атап өткендей, типтік оқу бағдарламаларын жаңартқаннан кейін типтік оқу жоспарлары бойынша да жұмыс жүргізіледі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #мектеп #мұғалім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);