AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Asar Baspana қаржы пирамидасы әшкереленді

Asar Baspana қаржы пирамидасы әшкереленді

Заң мен тəртіп 11.03.2025, 10:29 875
Asar Baspana қаржы пирамидасы әшкереленді
Сурет: Gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) ауқымды алаяқтық схема туралы мәлімет таратты. Asar Baspana қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары Туғанбаев пен Байтасов мыңдаған азаматтың ақшасын алдап, орасан зор пайда тапқан.

Қаржы пирамидасы тұтынушылық кооператив ретінде жасырынған. Компанияның нақты өндірістік қызметі болмағанына қарамастан, ұйымдастырушылар 86 мың адамды өздерінің схемасына тартқан.

Алаяқтар Asar Baspana Алматыда құрылыс материалдарын өндіреді, тігін цехы және тұрмыстық техника мен медициналық жабдықтар шығаратын зауыты бар деп сендірген. Алайда, шын мәнінде, олар тек өз брендінің логотипін дайын тауарларға жапсырумен шектелген.

ҚМА мәліметінше, Туғанбаев пен Байтасов ондаған мың адамды алдап, 12,4 миллиард теңгені қалталарына басқан. Олар ай сайын 30%-ға дейін пайда түседі деп уәде бергенімен, бұл жалған сөз болып шықты. Алаяқтар 3,8 миллиард теңгені жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

2024 жылдың желтоқсанында, салымшылар күмәндана бастағанда, ұйымдастырушылар жаңа автобизнес ашылды және ірі дилерлермен серіктестік орнатылды деген жалған ақпарат таратқан. Бірақ тергеу барысында көліктердің салымшылардың ақшасына сатып алынып, Туғанбаевтың туыстарының атына рәсімделгені белгілі болды.

2025 жылдың ақпанында алаяқтық әрекеттер әшкереленіп, Туғанбаев өз командасына Asar Baspana сайтының жұмысын тоқтатуды бұйырған.

9 ақпанда ҚМА қызметкерлері 49 кеңсе мен 81 күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізді. Тергеу барысында серверлік мәліметтер қалпына келтірілді.

Тәркіленген мүлік:

  • 1,1 миллиард теңге,
  • 10 қымбат көлік,
  • Ақтауда, Туғанбаевтың бауырының үйінен табылған 945 миллион теңге.
    Сонымен қатар, банктегі 1,2 миллиард теңге бұғатталды.

11 ақпанда Туғанбаев пен Байтасов екі айға қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Asar Baspana #қаржы #пирамида
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);