AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі қайта қаралып жатыр

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі қайта қаралып жатыр

Әлеумет 12.09.2023, 06:46 1,401
Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі қайта қаралып жатыр
Сурет: Almaty.tv

Елорда соты апелляциялық шағым бойынша Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық істі қайта қолға алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«2023 жылғы 20 маусымда сотталушылардың қорғаушыларының атынан түскен апелляциялық шағым негізінде А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшеновке қатысты қылмыстық іс қайта қаралады», - деді судья Мұрат Еркінбекұлы.

Айта кетейік, сот отырысында А. Мұхамедиұлының үш сыбайласының (А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшенов) ісі бірге қайта қаралып жатыр.


Сондай-ақ, судья сот отырысының ашық форматта, яғни, қатысушыларға шектеу қойылмайтынын айтты. Сотталушылардың адвокаты мен қорғаушылары өз өтініштерін білдіріп, сот отырысын кейінге шегеруді ұсынды.


Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынды.


Оған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.


Айта кетсек, сот барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кінәсін мойындамады.


Биыл 20 маусымда сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.


Сонымен қатар елорда соты оның сыбайластарына да үкім шығарды. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысының 3 сыбайласы да 7 жылға сотталды. 


Еске салайық, биыл 26 шілдеде Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сотқа істі қайта қарау туралы апеляциялық шағым түсірген еді.


Аталған сот отырысының жалғасы 14 қыркүйек күні сағат 9:30-да өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#арыстанбек #іс #қайта қарау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);