AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Артық майдан арылмақ болған әйел жансақтау бөлімін...

Артық майдан арылмақ болған әйел жансақтау бөліміне түскен

Оқиға 25.07.2025, 12:04 623
Артық майдан арылмақ болған әйел жансақтау бөліміне түскен
Сурет: Astanatv.kz

33 жастағы Әсел Қуанышбаеваның туыстары Қостанайдағы жеке клиникада болған жағдайға қатысты тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Олардың айтуынша, артық майды алып тастау операциясынан кейін Әсел жансақтау бөліміне түскен. Әйел облыстық ауруханаға сепсис, іріңді перитонит, пневмония және ауыр дәрежелі анемия диагноздарымен шұғыл жеткізілген. Оның ағзалары жұмыс істемей қалған, - деп жазады Аqshamnews.kz тілшісі “НГ” материалдарына сілтеме жасап.

Әселдің анасы Гүлжан Есмұратованың айтуынша, қызы ажырасқаннан кейін кейін өз келбетін өзгерткісі келген. Құрбысы дене пішінін сәтті өзгерткеннен кейін, Әсел де липосакция жасауға шешім қабылдап, Қостанайдағы сол жеке клиникаға жүгінген.

4 шілдеде Әселге айналмалы липосакция жасалған. Анасының сөзінше, операциядан кейін-ақ қызы ішінің қатты ауыратынын айтып шағымдана бастаған. Алайда клиника дәрігерлері бұл қалыпты жағдай деп, ауырсынуды басатын дәрілер жазып берген. Үшінші күні Әсел үйіне шығарылған, бірақ оның жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем шақырылып, әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қалалық ауруханада оған үш шұғыл операция жасалған.

Гүлжан Есмұратованың айтуынша, ауруханаға түскен кезде дәрігерлер сепсис, мықын ішегінің тесілуі, жайылған іріңді-фиброзды перитонит, терминалдық фаза, айналмалы липосакциядан кейінгі жағдай, пневмония, ауыр дәрежелі созылмалы анемия және көп ағзалық жеткіліксіздік деген диагноз қойған.

Қостанай қалалық ауруханасының мәліметінше, жеке клиникада жасалған операция барысында ішек тесілген – бұл өте сирек әрі өмірге қауіп төндіретін асқыну. Жергілікті дәрігерлер Алматыдағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығымен телемедицина арқылы кеңес жүргізуге мәжбүр болған.

"Шұғыл операция ауыр өтті, бірақ толық көлемде жасалды. Хирургиялық араласу дұрыс болғанын мамандар растады және әрі қарай емдеуге қатысты ұсыныстар берілді, олардың барлығы орындалды", – деді Қостанай қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қуат Әлмағамбетов.

Оның айтуынша, Әсел қазір де жансақтау бөлімінде жатыр, бірақ жасанды тыныс алу аппаратына қосылмаған, есін біледі, өзі тыныс алып, тамақтанады. Жағдайы жақсарып келеді.

Әселдің анасы операция жасаған клиника өз кінәсін мойындамай отырғанын айтты. Дегенмен олар моральдық өтемақы ретінде ақша ұсынған, бірақ бұл үшін пациент тарапынан ешқандай талап қоймайтыны жөнінде қолхат жазу шартын қойған. Отбасы мұндай ұсыныстан бас тартқан.

"Адвокат жалдадым. Енді полицияға, прокуратураға жүгінеміз. Әділ тергеуге үміттенеміз", – дейді зардап шеккен әйелдің анасы.

Жеке клиника өкілдері бұл жағдайға қатысты кейін пікір білдіретінін айтқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай облысы #липоксация #артық май #жансақтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика