AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқ...

Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды

Экономика 17.06.2021, 15:35 2,176 Almaty-akshamy.kz.
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
Сурет:Inbusness.kz

Арнайы экономикалық аймақтар қызметін тоқтатуы мүмкін


ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Үкіметі сайтындағы хабарға сілтеме жасап.  


Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 ​​қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бюджет қаражатын тиімсіз АЭА-ға жұмсауға болмайды және оларды жою керек деп атап өтті. Үкіметте арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Есеп комитетінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері кірді.


Жұмыс тобының отырысында АЭА тиімділігін арттыру тәсілдеріне қатысты сұрақтар көтерілді, оның ішінде: АЭА әрекет ету мерзімін белгілей отырып, жеңілдіктер мен преференциялар беру үшін нақты және айқын критерийлерді анықтау (жоғары технологиялар, импортты алмастыру, жоғары қосылған құн, инновация, экспортқа бағдарлау және т. б.); қолданыстағы заңнаманы жетілдіру арқылы өз міндеттемелерін орындамағаны үшін инвесторлардың жауапкершілігін белгілеу; жеке АЭА-ның, соның ішінде «Қорғас» ШЫХО, «Химпарк Тараз», «Астана - жаңа қала», одан әрі жұмыс жасауының мақсаттылығы қаралды. Қорытындысы бойынша АЭА-да жобаларды іске асыру бойынша жұмысты күшейтуге, басқарушы компаниялардың қызметін жақсартуға, сондай-ақ отандық өндірушілерді дамыту үшін тең бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған жедел және жүйелік сипаттағы шаралар ұсынылды. Ә. Смайылов бір аптаның ішінде АЭА қызметін жақсарту бойынша ұсынылған тәсілдерді пысықтап, тиісті жобаны талқыға салу үшін ұсынуды тапсырды.


Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 13 АЭА жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған АЭА-да 303 жоба іске асырылды. 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. АЭА аумағында өнімнің 136 түрі шығарылады, оның ішінде 30-дан астам жаңа өнім түрлері индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың арқасында пайда болды (тікұшақтар, винтовкаға арналған оптикалық көздеуіштер, түнгі көру құрылғылары, бронетранспортерлер, локомотивтер, электр локомотивтер, жолаушылар вагондары, премиум-құбырлар, мақта целлюлозасы, полипропилен жіптері және басқалары), сонымен қатар 50-ден астам бірегей АТ шешімдері мен қызметтері көрсетіледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АЭА #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);