Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арман Қожахметов, Мәжіліс депутаты: Референдум бюл...

Арман Қожахметов, Мәжіліс депутаты: Референдум бюллетенінде екі жауап қана болады  

Әлеумет 05.05.2022, 14:28 1,251
Арман Қожахметов, Мәжіліс депутаты: Референдум бюллетенінде екі жауап қана болады  
inform.kz

Конституцияны түзету мәтіні барлық қазақстандықтарға жеткізілуі керек. Бұл ретте республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньде қысқа жауаптар көзделеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Президент Жарлығы Конституцияға енгізілетін түзетулердің нысаны мен мәтінін ұсынады. Азаматтар өз шешімдерін шығарады. Олар «Иә» немесе «Жоқ» деп дауыс бере алады. Бюллетень формасында «иә» немесе «жоқ» деген қысқа жауаптар ғана болады. Түзетулер мәтіні еліміздің барлық азаматтарына жеткізілуі тиіс. Біз олармен танысып, содан кейін референдумда тиісті шешім қабылдауымыз керек», - деп түсіндірді депутат Мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге.



Мәжіліс депутатының айтуынша, халық референдумға үлкен қызығушылық танытады.



«Референдумның шешімі заңды, өйткені ол тиісті заңда солай жазылған. Біз әлеуметтік желілерде көріп отырған ұсыныстар мен белсенділікке қарасақ, Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі қоғамымыздың көптеген азаматтарын толғандырады. Сондықтан, қызығушылық үлкен болады деп ойлаймын», - деді А.Қожахметов.



Депутат бұл түзетулерде Елбасы мәртебесі туралы және Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы екендігі туралы сөздер алынып тасталатынын еске салды.


Сонымен бірге, тілшілер «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заңның күшін жоюы мүмкін бе деген сұрақ қойды.



«Иә деп ойлаймыз, құжаттар пакетінде қарастырылған. Бірақ шешімді тұрғындар референдумда қабылдайды. Егер бұл үшін қоғам дауыс берсе, тиісінше, мұндай шешім одан әрі қабылданатын болады», - деді Арман Қожахметов.



Оның айтуынша, Президенттің Конституцияға ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру тапсырмасынан кейін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті референдум мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнаманы қолға алды.



«Республикалық референдум туралы заңның 28-бабы бойынша жұмысты бастадық. Біз бюллетеннің формасын сұрадық және кейін дауыс санау кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін көрдік. Сондықтан осындай түзету болды, яғни бұл біздің депутаттарымыздың, біздің комитеттің бастамашыл заң жобасы. Олар тиісті түзетулер жасап, Парламент Мәжілісіне ұсынды», - деді депутат.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Конституция #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика