Әріптесіміз "Наркостоп" жобасының жеңімпазы атанды

Әріптесіміз "Наркостоп" жобасының жеңімпазы атанды almaty-akshamy.kz

Бүгінгі таңда нашақорлық әлемнің көптеген елдерінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселемен күресу мақсатында түрлі әлеуметтік жобалар мен бастамалар қолға алынып жатыр. Солардың бірі – Алматы қаласында өткен "Наркостоп" жобасы. Жоба жастарды есірткіден аулақ ұстауға, денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әсел Тәшібаеваның аталған жобадағы жетістігі – тек жеке жеңіс емес, сонымен қатар қоғамдағы нашақорлықпен күреске қосқан елеулі үлес болып табылады. Ол жобаның басты мақсаттарын жүзеге асырып, жастар арасында есірткіге қарсы әрекеттерді кеңінен таратуға үлес қосып келеді.

- Бұл жеңіс — барлығымыздың ортақ жетістігіміз ғана емес, сондай-ақ бас редакторымыз Талғат Сембекұлының көреген басшылығының нәтижесі. Оның батыл ойлары мен стандарттан тыс тәсілдері көптеген оқырмандардың жүрегіне жол тапқан мақалалардың негізін қалады. Бұрынғы есірткі тұтынушылардың өмірлік оқиғаларын жариялау туралы шешім тек маңызды қадам ғана емес, нағыз сынақ болды. Бұл қадам арқылы газетіміз қоғамда сирек айтылатын, жабық тақырыптарды қозғап, қиындықтарды жеңе білген жандардың дауысын жеткізуге мүмкіндік берді. Айта кетерлігі, осы бастамадан кейін басқа да басылымдар, мысалы, "Время" газеті мен Tengrinews порталдары экс-нашақорлардың сырларын жариялай бастады, - дейді Әсел.

Әріптесіміз "Вечерний Алматы" сынды аңызға айналған газетте және Alatau Aqparat медиахолдингінде кәсіби мамандармен бірге жұмыс істейтінін мақтан тұтатынын жеткізді.

"Наркостоп" жобасы жастарға есірткінің зиянын түсіндіріп, оларды есірткіге қарсы тұруға шақырады. Бұл жоба, әсіресе, мектеп оқушылары мен студенттер арасында танымал. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нурсултан Беккайров 2024 жылы «Наркостоп» жобасы жастардың белсенді қатысуы мен серіктестердің қолдауының арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Негізгі жетістіктердің қатарында төмендегідей іс-шаралар атқарылды: 

•    150-ден астам іс-шара өткізілді; 
•    есірткіні жарнамалайтын 110 000-нан астам граффити боялды.

««Наркостоп» жобасымен бірлесіп жұмыс істеу заңсыз контентті тиімді анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік береді. Жастар бізге белсенді түрде көмектеседі және бұл нақты нәтиже береді. Жоба айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді:жастар мен ата-аналардың нашақорлық мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, тәуекел тобындағы жасөспірімдерді қолдау және олардың өмірін өзгертуге көмектесу, есірткіні насихаттайтын 60 000-нан астам граффитиді жою және 350 интернет-ресурстарды бұғаттау, отбасылық факторлар мен әлеуметтенуге көбірек көңіл бөлу -  бұл ата-аналар мен педагогтерге балаларын жақсы түсінуге және қолдау ортасын құру үшін шаралар қабылдауға көмегі тиді», - деді «Наркостоп» жобасының кураторы Нұржан Жакупов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
4
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:54

18:46

18:32

18:12

17:47

17:10

16:32

15:30

15:25

15:18

15:05

14:44

14:31

14:24

14:17

14:11

14:10

14:03

13:41

13:10

12:55

12:38

12:36

12:32

12:15