Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Археология ескерткіштерін сақтау мен қорғау мәселе...

Археология ескерткіштерін сақтау мен қорғау мәселелері талқыланды

Білім және ғылым 16.04.2022, 07:31 2,038
Археология ескерткіштерін сақтау мен қорғау мәселелері талқыланды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Тарихи- мәдени ескерткіштерді қорғау – еліміздің мәдени әлеуетін дамыту  мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі


 Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты қызметкерлері  Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы және Алматы қаласының мәдениет басқармасы өкілдерімен бас қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Дөңгелек үстел тақырыбы «Алматы қаласы мен Алматы облысының археологиялық мұрасын сақтау мен қорғаудың өзекті мәселелері» деп аталды. Бұл шара 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналып отыр.



Жиында Алматы қаласы мен Алматы облысының археологиялық ескерткіштерін зерттеу мәселелері, сақтау және қорғау мәселелері талқыланды. Мамандар археологиялық мұра нысандарына жүргізген жұмыстармен өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ   тарихи-мәдени ескерткіштерге зерттеу жүргізу және сақтау бойынша бағдарламаларды жүзеге асырудың жолдары  қарастырылды.


Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлы жиынды ашып, болашақ ұрпақ үшін тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және сақтаудың маңыздылығын атап өтті. 


«Тарихи- мәдени ескерткіштерді қорғау – еліміздің мәдени әлеуетін дамыту  мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған байланысты біз Алматы қаласының мәдениет басқармасы, Алматы облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығы, Алматы облысының мұражай-қорықтары, ғалымдар және қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесіп археологиялық мұраны қорғау мен сақтаудың өзекті мәселелерін қарауды шештік. 
Алматы қаласы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Данияр Әлиев бүгінде Алматыда 162 тарихи және мәдени ескерткіш бар екенін атап өтті. Олардың  ішінде  «Боралдай сақ қорғандары» айрықша тарихи маңызы бар орын.  Сонымен қатар, біз археологиялық кешенді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұра Тізіміне енгізу туралы ұсыныс енгізуді жоспарлап отырмыз. Ғылыми зерттеулер негізінде Райымбек батыр құрметіне құжаттарды реставрациялау және Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуын ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар күнтізбесіне енгізу жұмыстары жүргізілуде. 




Ә. Марғұлан атындағы археология институты директорының орынбасары Талғат Мамиров тас ғасырындағы ескерткіштерді сақтау мәселелеріне назар аударып, Алматы маңындағы тас ғасырындағы ескерткіштерді іздеу үшін табылған ескерткіштер мен перспективалы орындарды көрсетті. «Біздің Алматы мен Алматы облысында негізінен қорғандарды, петроглифтерді, ортағасырлық қалашықтарды және т. б. сақтау мәселелері көтеріледі. Өкінішке орай, тас ғасырының ескерткіштері назардан тыс қалып отыр. Сондықтан мен тас дәуірінен бергі археология ескерткіштерін сақтау және зерделеу қажеттігіне назар аудардым. Тас дәуірінің ескерткіштерін табу өте қиын, өйткені көп адамдар табиғи тастарды жасанды артефактілерден ажырата алмайды. Алматының іргесінде бұрын ашылған әбден көнерген Майбұлақ, Рахат, Қастек сынды ескерткіштер бар. Бұл ескерткіштер шатқалдар бойындағы тау бөктерінде орналасқан орман алқабының саз балшықтарын іріктеу нәтижесінде табылды. Тау шатқалында табылып жатқан тас дәуірі ескерткіштерін сақтау аса маңызды» - деді археолог-ғалым. 


«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Досым Зікірия бүгінгі таңда 422 гектар жердің 50% «Есік» қорымдарымен қоршалғанын айтты. 



«2013 жылдан бастап біз осы аумақта жеке меншікке өткен жерлерді қайтару үшін сотқа жүгініп келеміз. Нәтижесінде біз осы жерлердің 85% мемлекет меншігіне қайтардық. Талғар қалашығы 2018 жылы  «Есік» мұражай-қорығының балансына берілді. Осы жердегі тарихи орындардың бірі ¬– Талғар  қалашығын қоршау аяқталды. ЮНЕСКО мен мұражай-қорығы ұйымдарының септігімен Ескерткіш тақталары орнатылды. Тарихи маңызы бар ескерткіштерді сақтау мақсатында елдімекен тұрғындарымен кездесіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деп атап өтті ол.



Жиынға Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музей қызметкерлері, «Зеленое спасение» экологиялық қоғам өкілдері және қоғам белсенділері, журналистер қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#археология #ескерткіш #қорғау #дөңгелек үстел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика