«Арғымақ» ат-спорты кешенінде «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтеді

«Арғымақ» ат-спорты кешенінде «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтеді Сурет: ашық дерекөз


20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында елордадағы «Арғымақ» ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сабақтары жоспарланған.


Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.


Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырды.


Іс-шара Астана қаласы «Арғымақ» ат-спорт кешені, Рождественская тас жолы, 3 мекен жайында өтеді.


Уақыты: 20 наурыз (сәрсенбі), сағат 10.00-де.


Дресс-код: ұлттық киім











Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21