AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Ардагер ғалым ардақталды

Ардагер ғалым ардақталды

Өмір-өзен 20.12.2022, 12:34 1,540 Ақтолқын Тұрлығазы
Ардагер ғалым ардақталды
Сурет: Қайрат Қонысбай

Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясында ҰОС ардагері Зұлхарнай Сейітовтің ағылшынша шыққан «Biochemister» кітабының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, ардагердің өмірінен хабар беретін фильм көрсетілді. Фильм барысында «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған З.Сейітов туралы мақала жайында жақсы айтылып өтті. 


«Биохимия» кітабы Ұлы Отан соғысының ардагері Зұлхарнай Сейітовтің 100 жылдығына арналды. Тұсаукесерге Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов, ҚР ҚК ардагерлері, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, әкімдік өкілдері және жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ мәдениет, қоғам қайраткерлерімен бірге БАҚ өкілдері қатысты.  



«Зұлхарнай Сейітов 22 жасқа толған шағында соғысқа қатысты. Ерлігін көрсетті. Бұдан кейін атамыз ғалым ретінде медицинаға өлшеусіз үлес қосты. Қаншама шәкірт тәрбиеледі. Магистранттар мен докторанттарға арналған «Биохимия» кітабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарды. 1980 жылы З.Сейітов «Биохимия» кітабы үшін «Тарлан – Платина» сыйлығының номинациясына ие болды. Бұл - классикалық, медициналық, биохимиялық кітап. Онда амин қышқылы, белоктардан бастап зат алмасу процесін, жүйке жүйесін, дәнекер ұлпасын, бауыр биохимиясын сипаттап өтеді. Кітапқа бүгінде шетелдік ғалымдар да өз қызығушылығын танытуда», – дейді биология ғылымының докторы, профессор Камаладин Шәріпов.



Зұлхарнай Сейітов соғыс басталған кезде Ленинград майданына аттанды. Ол қоршауда болды, шайқастарда Сталинградты, Беларуссияны, Польшаны босатты, Берлинді алды. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.




«Бүгінгі шара біздің жастарымызға үлкен тағылым, тәрбие берері сөзсіз. Зұлхарнай Сейітұлының адал ісі қаншама ұрпақты тәрбиелеп өсіріп, бүгінде сол шәкірттері рахатын көріп отыр. Атамыз тірі аңыз адам. Қан майданда ерлігімен де танылған. Фильмде де айтылады ғой, ол кісі мені сақтаған бірінші Құдай болса, екінші әруақтар деп. Қаншама жылдарды артқа қалдырып, елімізге еселі еңбегіңіз тиді. Бай-қуатты болып алдымызда мәңгі жүре беріңіз. Атамызды Қорғаныс министрінің атынан «Ел қорғаны» төсбелгісімен марапаттаймыз», – дейді Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов. 



Ол соғыстан кейін Отанына қызмет етуді жалғастырды, медицина саласында өз ісінің көрнекті маманы болды. З.Сейітов - биология ғылымының докторы, өнертапқыш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол - «Қазақ бальзамының» және медицина мен биохимиядағы басқа да жаңалықтардың авторы. Бейбіт өмірдегі еңбегі ескеріліп, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ардагер #ғалым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);