Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Аралды құтқару" халықаралық қорының отырысы өтті

"Аралды құтқару" халықаралық қорының отырысы өтті

Әлеумет 22.02.2022, 11:41 1,259
"Аралды құтқару" халықаралық қорының отырысы өтті
Сурет: Gov.kz

Аталмыш шара онлайн режимде өтті.


22 ақпанда "Аралды құтқару" халықаралық қорының отырысы онлайн режимде өтті. Қазақстан тарапынан бұл шараға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 


Кездесуде су ресурстарын басқару және пайдалану мәселелерін шешудің маңыздылығын түсіну, мүдделі елдер арасындағы көп қырлы ынтымақтастықтың оң үрдістері атап өтілді. 


Роман Скляр өз сөзінде Қазақстан тарапы Арал теңізіне трансшекаралық өзендердің ағынының қалыптасу аймағынан жоспарланған экспедицияны қолдайтынын, сондай-ақ осы экспедицияны сәтті ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар ирригация мен энергетика мүдделерін ескере отырып, өңірдің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану механизмін қарастыратын Өңірлік су-энергетикалық консорциумын құру мәселесін қарастыру ұсынылады.


Арал теңізі бассейнінің су шаруашылығын, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту қажеттілігі тұрғысында қатысушылар аймақтық ұйымдардың рөлін күшейтудің және аймақтағы барлық елдердің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, су-энергетикалық ресурстарды пайдалану саласындағы тиімді шараларды әзірлеуді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. 


Аралды құтқару халықаралық қорының басқарма отырысының нәтижесінде тиісті хаттамалар мен құжаттарға қол қойылды. 


Кездесуге сондай-ақ Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрлерінің орынбасарлары, Түрікменстанның Су ресурстары комитетінің төрағасы, "Аралды құтқару" халықаралық қорына мүше елдердің мүдделі ведомстволарының жауапты қызметкерлері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арал #конференция #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Кеше 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Кеше 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Кеше 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика