AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Аралас мектеп қазақты қайда апарады?

Аралас мектеп қазақты қайда апарады?

Білім және ғылым 16.04.2022, 10:10 1,814 Almaty-akshamy
Аралас мектеп қазақты қайда апарады?
Cурет: Baq.kz

Отыз жылдан бері көштің түзелгенін көрмедік


Алматыда ҚР Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, тіл саласының мамандары, педагогтар, қоғам белсенділері мен журналистердің қатысуымен «Аралас мектеп қазақты қайда апарады?!» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.


ХХІ ғасыр. Қазақ халқының келешегі қандай? Бұл сұрақ ел ертеңін ойлайтын әр азаматты толғандырады. Әсіресе білім саласы, мемлекеттік тілдің жағдайы, ұлт руханиятының бүгінгі ахуалы, ұлттық біртұтастықты сақтау жолындағы түрлі мәселелер өз шешімін таппай отыр. Соның ең негізгісі – еліміздегі аралас мектептердің дүбәра, тілі мен ділінен адасқан ұрпақ тәрбиелеудің ордасына айналғандығы.


Шараны ұйымдастырушылардың бірі ақын Тоқтарәлі Таңжарық «Қазақ әдебиеті» газетінің №7 санында  тіл жанашыры Бекзәкір Құралбаевтың «Алматы дүбәралардың ордасына айналды. Аралас мектептерді жабу керек» деген көлемді сұхбаты жарық көргенін, осыдан кейін қоғамдық ортада қызу пікір қалыптасқанын айтты.



«Еліміздегі зиялы қауым өкілдері үн қосып, аралас мектептерден білім алатын оқушылардың дені орыстілді, бөгде рухты болып өсетінін айтып, дабыл қақты. Айталық, Алматы қаласында мемлекеттік мектептердің саны 207 болса, соның 70-і қазақ, 64-і орыс, 3-і ұйғыр, ал 70-і аралас мектеп екен. Бұл жерде аралас мектептердің дені орыстілді ұрпақ тәрбиелеп шығаратынын ескерсек, мәселенің қаншалықты күрделі екені белгілі. Мұнан сырт, 60-тан астам жекеменшік білім ордалары жұмыс істейді. Олар да аралас мектептердің санын арттырып отыр», -деді ақын.



Жиынға қатысушылар еліміздегі аралас мектептерді жабу қажеттігін қолдайтындарын айтып, таза қазақ тілінде сабақ беретін мектеп санын арттыру жөнінде ұсынытарын жеткізді.


Қоғам қайраткері Амалбек Тышанов «көш жүре түзеледі» деген сөзден арылып, нақты іске көшу қажеттігін айтты.



«Отыз жылдан бері көштің түзелгенін көрмедік. Қалықтың талабына құлақ түрейік деген басшылық та, жүйелі шарада болған жоқ. Қоғамдық ұйымдардың талабы қаншалықты билікке жетіп жатыр? Тіл мәселесінде барлық ұйымдар бас қосу керек, сол кезде ғана билікке өз талабын орындата алады»,-деді А. Тышанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Қазақ #Орыс #аралас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);