AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Арал өңірін дамыту мәселелері талқыланды

Арал өңірін дамыту мәселелері талқыланды

Өмір-өзен 19.07.2021, 15:34 2,202
Арал өңірін дамыту мәселелері талқыланды
Сурет: Ribalych.ru

Қазақстан Үкіметінің мүшелері Герман қоғамының өңірлік жобасының жетекшісімен кездесті.


Қазақстан және Германия мамандары кездесіп, Арал мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) өңірлік жобасының жетекшісі Паул Шумахермен кездесті», – делінген аталмыш министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Паул Шумахер вице-министрді Арал өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылып жатқан аталған өңірлік жобаның ағымдағы жылдың басында басталғаны туралы хабардар етті.


Өз кезегінде Әлия Шалабекова Министрліктің GIZ-мен түрлі жобалар бойынша жемісті ынтымақтастығын атап өтіп, экология және қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.


Ресми дерек бойынша, кездесу барысында тараптар көгалдандыру, ландшафтқа кешенді мониторинг жүргізу және Арал теңізінің құрғаған табанын картографиялау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу, балық шаруашылығын дамыту, табиғатты қорғау іс-шараларына жергілікті халықты тарту мәселелерін талқылады.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және GIZ жобасына Қазақстанда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.



Анықтама «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» өңірлік жобасы Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады және оны халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы (GIZ) іске асырады. Жоба Арал өңірінің экологиялық орнықты трансшекаралық экономикалық дамуын қамтамасыз етуде Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтеріне қолдау көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арал #Қазақстан #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);