AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арал маңында су молая түскен

Арал маңында су молая түскен

Әлеумет 29.03.2022, 08:52 1,507
Арал маңында су молая түскен
Сурет: Khabar.kz

Қазіргі уақытта Қызылорда облысы аумағынан 900 текше метрдей су өте бастаған. Арал маңындағы Қамбаш және Ақшатау көлдер жүйесі қайта қалпына келді.


Өткен жылы бұл жерлерді қуаңшылық жайлаған. Енді Ақлақ су тоспасы арқылы реттелетін тоғыз көл жүйесін суландыру көзделген. Ол үшін тиісті шаралар қолға алынды. Бүгінде Сырдария өзеніне де мол су түсе бастаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


«САРАТС-1» жобасы іске асқаннан кейін теңіз деңгейін 42 метрге дейін көтеруге мүмкіндік туды. Алайда өткен жылы Сырдария өзені арқылы Көк Аралға тиісті көлемдегі су түскен жоқ. Соған байланысты қазір теңіз деңгейі 80 см төмен. Дегенмен өзен бастауындағы қар мен мұз күрт еріп, жауан-шашынның көбеюіне байланысты соңғы күндері Қызылорда облысы аумағына мол су келе бастаған.



«15 сәуірге дейін осы су облыс көлемінен ағып өтіп, солтүстік Арал теңізіне барады деп отырмыз. Оның өзі осындай жауын-шашынның, өзендегі судың есебінен болып отыр. Егін басталғанға дейін солтүстік Арал теңізіне белгілі бір мөлшерде су көлемі беріледі», - дейді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Сейілбек Нұрымбетов.



Өткен жылы Арал ауданындағы Бұрмақұлақ бөгетін бекіткеннен кейін, Қамбаш және Ақшатау көлдер жүйесі бұрынғы қалпына келді. Бірер күн бұрын Ақалақ су тоспасы да жабылды. Осылайша, Қаратерең елді мекені маңындағы көлдерді суландыру жоспарланған.



«Бүгінгі күнге судың деңгейі 51,45-ке жетіп отыр. Біздің жоспар сол деңгейді 53-ке жеткізу. Қазір су торабының алдына су жинақталып жатыр. Бізде сегіз канал бар, солар арқылы ірілі-ұсақты тоғыз көлге су беріледі», - дейді  «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының бөлім басшысы Айдос Асанбаев.



Мамандардың айтуынша, егін науқаны басталғанға дейін өңірдегі су арналарын толып, шабындықтарды нәрлендіруге  үлкен септігін тигізеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арал #суды молайту #тиісті шаралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Бүгін 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);