ffin.kz

«Ақырап» амалы келді

«Ақырап» амалы келді almaty-akshamy.kz

Ақырап амалы синоптиктердің болжауынша алдағы апта  Алматыға алғашқы қарды ала келмек...


 


Жасыратыны жоқ, алматылықтар биыл қысты асыға күтті. Әсіресе,  қарды сағынғаны рас. Оның үстіне кешеге дейін күн де суытпай-ақ қойды. Бетті аяз қарып, бойды суық сергітпегесін ел арасында тұмау көбейді. «Елде тұмау, жерде қырау, бірақ қар жоқ» деп, оны кезінде жаздық та. Енді міне, «ақырып келетін, қарлы боранын шақырып келетін»  «Ақырап» амалынан қалалықтардың  үміті зор...


Өткен жолы  айтқанымыздай, «Қырбастың қызылы» амалының әсері  болса керек, қарашаның соңы мен желтоқсанның басында күн көзі ашылмай тұрып алды. Ақыры жаңбыр жауып барып ашылды. Алматыда жоғарыда айтқан  жаңбыр мен  бір желпіп өткен желден өзге ерекше жағымсыз құбылыс болған жоқ. Еліміздің өзге өңірлерінде, әсіресе, Арқада, Шығыс пен Батыс аймақтарында, тіпті, оңтүстікке жататын Жамбыл облысында да дүлей дауыл орын алды.


Желтоқсанның оныншы жаңасынан бастап «Ақырап» амалы сахнаға шығады. Осы кезде қар қатты әрі нығыз болып қиыршықталып жауған. Сол себепті бұрынғылар бұл амалды «сары қар» деп те атаған. Амал айдың, яғни желтоқсанның 15-іне дейін жалғасады. Амалға қатысты айтылған «Ақырап ақырып келді, қарлы боранын шақырып келді» деген мақалдың мәніне мән беретін болсақ, «Ақыраптың» осал еместігін ұғынғандай боламыз. Қар да, жаңбыр да (көбінесе), көбірек орын алып отырған. 


Амал кезінде күзеулікке қалың қар түсіп, сүреңсіз тіршілік басталатын болған, ата-бабаларымыз соғымдық малдарды шығынға ұшыратпау үшін алдын ала қыстаулыққа жіберіп, күйі түсіп кетпеуін қадағалаған.



Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін желтоқсан айының – 7-сі. Ай жүйесіне сүйенсек, айдың 23-і. Ал қазақша (ескіше) есеп желтоқсанның енді 7 күннен кейін келетінін аңғарамыз. Аспан денелерінің қазіргі қозғалысына, бір-бірімен қарым-қатынасына, құс жолының анық көрінбеуіне қарағанда, күн күрт суытатын сыңайлы. Өткен аптамен салыстырғанда ауа райында айтарлықтай өзгеріс (салқындық) орын алады. Қар мен жаңбыр жиі көрініс беруі мүмкін.



Бабалардың бұл болжамын «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесі синоптиктері де жоққа шығарып отырған жоқ. Алдағы аптада Алматыға алғаш қар түсіп, ауа райы бірте-бірте сынап деңгейінен төмендеп, аяз түнге қарай  20 градусқа дейін көтеріледі деп отыр.


Қалай болғанда да, қыстың аты қыс, қымтанған мен қамданғанның  қапы қалмасы анық...


 


 


БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Табиғат құбылысына қарап  жасалған жорамал:


*Ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық.


*Кешкі күн құлақтанса, келінің ұл тапқандай қуан.


*Күн құлақтанып шықса, не боран, не аяздың белгісі.


*Күн құлақтанып батса, ауа райы жылы болады.


*Күн қораланса күрегіңді сайла.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51