Мәслихат халықтың мүддесін білдіруде және қаланың дамуына қатысты мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
«Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Қалибекұлы Алматыдағы №137 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Ақын сайлаудың қоғамдық өмірдегі маңызына тоқталып, жергілікті деңгейде қабылданатын шешімдердің тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, мәслихат халықтың мүддесін білдіруде және қаланың дамуына қатысты мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
«Мәслихат – халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды өкілді орган. Сондықтан оның құрамына сайланған азаматтарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қала тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырамын», – деді Ғалым Қалибекұлы.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаудың өту барысы туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.