AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Ақылы тұраққа сараланған тариф енгізілді

Ақылы тұраққа сараланған тариф енгізілді

Алматы 09.10.2026, 10:08 19
Ақылы тұраққа сараланған тариф енгізілді

Алматыдағы коммуналдық ақылы тұрақтарда бір сағаттың құны енді бірдей емес: аймақтың жүктемесіне қарай 100, 150 немесе 200 теңге. Шешімді қалалық мәслихат 2026 жылғы 18 қыркүйекте қабылдады, ал әкімдік 30 қыркүйекте жаңа тарифтің іске қосылатынын жариялады.

Бұған дейін қаланың барлық ақылы тұрағында бір тариф – сағатына 100 теңге қолданылып келді. Бұл баға 2016 жылдан бері, яғни 10 жыл бойы өзгермеген. Енді баға тұрақ орнына сұраныс пен көшедегі көлік ағынына байланысты болады.

Қала үш тарифтік деңгейге бөлінді. Мәслихат шешіміне енген 338 учаскенің жартысынан көбі – ең жоғары, 200 теңгелік санатта. Тарифтік аймағы әлі анықталмаған тұрақтарда базалық баға – сағатына 100 теңге сақталады. Бір көшеде, тіпті бір тұрақ аймағында әртүрлі тариф қолданылуы мүмкін. Сондықтан нақты учаскенің бағасын мәслихаттың № 353 шешімінен немесе тұрақтағы белгіден тексерген жөн.

Ең қымбат аймақтар қаланың орталығына – Достық, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары мен Көк базар төңірегіне шоғырланған. Сағатына 100 теңгелік учаскелер, негізінен, орталықтан тыс, көбіне қаланың батыс бөлігінде орналасқан.

Әкімдіктің аталған тарифтің енгізілуіне қатысты басты дәлелі – 10 жылда көлік саны күрт өсіп, тұрақ орны жетпеуге айналды. Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың мәслихат сессиясында келтірген деректеріне жүгінсек, қалада 730 мыңнан астам көлік тіркелген;

басқа елді мекендерден күн сайын кіретін көлікпен бірге қала көшелеріндегі машиналар саны 1 миллионнан асады; Алматыда шамамен 17 мың ақылы тұрақ орны бар, оларды күн сайын 56 мыңға жуық көлік пайдаланады.

Сараланған тариф идеясы жаңа ғана пайда болған жоқ. Ақылы тұрақтардың операторы бұдан біраз жыл бұрын сұраныс 80%-дан асатын учаскелерде бағаны 50 теңгеге көтеріп, сұраныс төмен жерлерде төмендетуді ұсынған. Сол кездегі мәлімдемеге қарағанда, 2016 жылы ақылы тұрақтар енгізілгеннен кейін қала орталығындағы көлік саны 15%-ға азайған.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автотұрақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу өткізу кестесі

Бүгін 15:34

2026 жылғы 29 қараша - Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы

Бүгін 15:31

Алматыда ауыр эпилепсиямен ауыратын балаларды емдеу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 15:03

Алматының Түрксіб ауданындағы Александров көшесінде жүргіншілер аймағын көркейту жұмыстары аяқталды

Бүгін 15:00

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы «Хрустальный шар – 2026» халықаралық сыйлығының арнайы жүлдесін иеленді

Бүгін 14:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);