AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақтоты Райымқұлова Польшада мәдени ынтымақтастықты...

Ақтоты Райымқұлова Польшада мәдени ынтымақтастықты талқылады

Әлеумет 12.03.2025, 16:53 974
Ақтоты Райымқұлова Польшада мәдени ынтымақтастықты талқылады
«Әдебиет және көркемөнер» порталы

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова Польшаға сапары аясында Польша Республикасының Сенаты вице-маршалы Михал Каминскиймен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

«Әдебиет және көркемөнер» порталының хабарлауынша, қор делегациясының Польшаға сапары барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар кездесулер өтті. Атап айтқанда, түркі әлемі мен Польша арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова Түркі мәдениеті және мұрасы қорының түркі халықтарының мәдени және тарихи мұрасын сақтау мен насихаттау бағытында атқарған жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ, Польшадағы түркі тектес қауымдастықтар – татарлар мен қарайымдардың мәдени мұрасын зерттеу мен сақтау саласында бірлескен бастамаларды қолға алудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Польша Сенатының вице-маршалы Михал Каминский тарихи және мәдени мұраны сақтауға Польша үлкен мән беретінін жеткізіп, түркі әлемімен мәдени байланыстарды дамытуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесуге Әзербайжан Республикасының Польшадағы Елшісі Нәргіз Құрбанова мен Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшісі Әлім Кірабаев қатысып, тараптарды қызықтырған өзге де мәселелер бойынша пікір алмасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақтоты Райымқұлова #Түркі мәдениеті #Польша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);