AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтөбеде Qymyz shop атты интернет-дүкен есірткі са...

Ақтөбеде Qymyz shop атты интернет-дүкен есірткі сатып келген

Оқиға 26.12.2025, 14:02 522 Дина
Ақтөбеде Qymyz shop атты интернет-дүкен есірткі сатып келген
Cурет: Ашық дереккөз

Ақтөбе облысының арнайы прокурорлары интернет-дүкен арқылы бүкіл елге психотроптық заттар сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу ісін аяқтады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл факт Ақтөбе облысы полиция департаментімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар барысында анықталды. Дүкеннің жалпы айналымы 50 млн теңгеден асқан.

Интернет-дүкен «Telegram» қосымшасында «байланыссыз қатысу» форматы арқылы жұмыс істеген, ал ақша қаражаттары «дропперлердің» банктік карталары арқылы айналымға түскен.

Қолданылған заң нормалары: ҚР Қылмыстық кодексінің 262, 297, 299-1-баптары (ұйымдасқан топ құру, оған басшылық ету, есірткі және психотроптық заттарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу, насихаттау немесе жарнамалау).

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Астана қаласында 6 адам ұсталды. 10 кг-нан астам психотроптық зат тәркіленді.

Тергеу органдарының тиімді әрекеттерінің арқасында интернет-дүкен толық жойылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #қымыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сәрсенбі күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 19:33

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Кеше 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Кеше 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Кеше 19:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);