AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда бір түнде 36 мм дейін жауын түсті: коммун...

Алматыда бір түнде 36 мм дейін жауын түсті: коммуналдық қызмет нөсердің салдарын жойып жатыр

Алматы Бүгін 11:15 34
Алматыда бір түнде 36 мм дейін жауын түсті: коммуналдық қызмет нөсердің салдарын жойып жатыр
Алматы әкімдігі

Тәулік бойғы жұмысқа 3 253 жол саласы жұмысшысы тартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 10 қарашаның кешінен бері толассыз жаңбыр жауып тұр. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 11 қараша сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада 23 мм, Медеу ауданында 26 мм, Каменск үстіртінде 36 мм жауын-шашын түскен. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп, көшелер мен аулаларда су жиналған жерлерді тазалап жатыр.

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілдерінің мәліметінше, түнде қаланың бірнеше ауданында су жиналғаны анықталған.

Қолайсыз ауа райының салдарын болдырмау және жою үшін жалпы саны 1 579 адамнан құралған 85 жедел бригада кезекшілікке шықты. Жұмысқа 415 техника мен 97 мотопомпа жұмылдырылып, 2 950 құм салынған қап дайындалды. Тәулік бойғы жұмысқа 3 253 жол саласы жұмысшысы тартылды.

Синоптиктердің болжамынша, 11 қарашада жаңбыр күні бойы оқтын-оқтын жауады.

Тағы 10 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы +5…+7 °C шамасында болады.

12 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр, тұман түсуі мүмкін.

Қала тұрғындарына қолайсыз ауа райында жолда абай болып, көлік жылдамдығын азайту ұсынылады. Сондай-ақ көліктерді су жиналуы мүмкін аумақтарға қоймау керек. Қатты жел кезінде ағаштардың түбінде және жарнама құрылымдарының маңында жүрмеген жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:33

Қазақ тілінің орфографиясын жаңғырту қажет – Тоқаев

Бүгін 11:10

Қазақстандық боксшы Дакарда жартылай финалға шықты

Бүгін 10:45

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін 10:35

Миллион теңгелік кәуап? Алматыда дәмханаларға жүргізілген тексеріс пен абаттандыру талаптарын бұзғандарға салынған айыппұл туралы айтылды

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);