Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АҚШАНЫ ҚАЛАЙ БАСҚАРУ КЕРЕК?

АҚШАНЫ ҚАЛАЙ БАСҚАРУ КЕРЕК?

Әлеумет 15.03.2025, 10:38 762
АҚШАНЫ ҚАЛАЙ БАСҚАРУ КЕРЕК?
Сурет: Astanatv.kz

Қаржылық сауттылық – бұл табысты арттыру, шығындарды бақылау, инвестициялау және қарыздан сақтану дағдыларының жиынтығы. 

    Бүгінде ақшаны дұрыс басқару тек ауқатты, көп табыс табатын адамдар үшін ғана емес, кез келген сомада табыс тауып отырған адам үшін де маңызды. Қаржылық сауатты адам мол табысқа жетіп, өзінің тұрақты болашағын қалыптастыра алады. Ақшаны дұрыс басқару арқылы табысымыздың берекелі болуын байқап, әрбір қаражат өз рөлінде жүретінін білгеніміз жөн.    Қаржылық сауаттылық – тұрақты болашақ кепілі. Ақшаңызды дұрыс басқарып, жоспарлы әрекет етсеңіз, кез келген қаржылық қиындықтарды еңсере аласыз.

 ·        Тақырыпқа орай

Нұржігіт НҰРБОЛАТ, қаржыгер:

Кіріс пен шығысты есепке алу – қаржылық тұрақтылық негізі

 Қаржылық сауаттылық – табысымыз қанша болса да, оны тиімді басқару қабілеті. Ақшаны дұрыс жұмсауды үйренсеңіз, кез келген жағдайда қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады.Табыс тауып отырған әрбір адам ақшаны үнемдеу мен жинақтаудың тиімді тәсілдерін меңгеруі қажет. Ақшаны жинақтау – қаражаттан бас тарту емес, оны дұрыс бөлу және жоспарлау. Бюджетті бақылау, яғни кіріс пен шығысты есепке алу – қаржылық тұрақтылықтың негізгі қағидаларының бірі.

Қаржылық қателіктерден қалай сақтанамыз? Адамдар жіберетін басты қателік – қаржылық жоспарсыз өмір сүру. Табысты жүйесіз жұмсау және ұзақ мерзімді мақсаттарды ескермеу материалдық қиындықтарға алып келеді. Мұндай жағдайдан сақтану үшін қажетсіз несие алмау; қаржылық қауіпсіздік қорын құру; өзіңізге инвестиция жасау; эмоциялық шығындардан аулақ болу, яғни ойланбай жасалатын сатып алуларды болдырмау. Және барлық қаражатты бір жерде ұстамау керек, оларды  әртүрлі активтерге бөлген (банк депозиттері, жылжымайтын мүлік, бизнес) жөн.

   Отбасылық бюджетті басқару: отбасылық қаржы дұрыс жоспарланбаған жағдайда бюджеттік қиындықтар мен кикілжіңдер жиі  болады. Сондықтан отбасылық бюджетті тиімді басқарудың жолдарын білген абзал. Ол үшін бірнеше әдіс бар. Біріншіден,  бюджетті  бірге жоспарлау, яғни  барлық кіріс пен шығынды отбасы мүшелерімен бірге талқылау маңызды. Екіншіден, күтпеген шығындарға арналған қор жасақтау, яғни табыстың кемінде 10%-ын төтенше жағдайларға сақтап қою. Үшіншіден, күнделікті шығындарды оңтайландыру – өмір сапасына зиян келтірмей үнемдеудің жолдарын табу.

    Қазіргі таңда өз кәсібін бастап, тез байып кетемін деп ойлайтын  кәсіпкерлер жеке және бизнес қаржысын араластырмағаны дұрыс, яғни бизнестің ақшасын жеке қажеттіліктерге жұмсамау керек. Есеп беру мен қаржылық бақылауды автоматтандыру, қандай да бір шешім қабылдауды жеңілдету және әрдайым «Б» жоспарын дайындау маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы #басқару #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика