AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / АҚШ-та 4 күндік жұмыс аптасына ауысу туралы бастам...

АҚШ-та 4 күндік жұмыс аптасына ауысу туралы бастама көтеріліп жатыр

Әлем 11.03.2023, 17:03 853 Аlmaty-akshamy.kz
АҚШ-та 4 күндік жұмыс аптасына ауысу туралы бастама көтеріліп жатыр
сурет: point.md

АҚШ-тағы менеджерлердің 93 пайызы командасының аптасына төрт күн жұмыс істеуіне қарсы емес.



АҚШ-та 4 күндік жұмыс аптасына ауысу туралы бастама көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz сілтеме жасап. Зерттеу нәтижелері бойынша көптеген компанияның басшылары төрт тәулік жұмыс жүйесін қолдайды екен. Өйткені оның жұмыс берушіге де жұмысшыға да тиімді екені анықталды. АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі әлі де төмен. Кейбір кәсіпорындар білікті мамандардан айырылып қалмас үшін жаңа ережені енгізе бастаған.


Өткен айда Мэриленд штаты төрт күндік жұмыс аптасына көшкен кәсіпорындарға салықтық жеңілдік қарастыру жөніндегі заң жобасын ұсынды. Егер құжат қабылданса АҚШ-тағы алғашқы бағдарлама болғалы тұр.


Жалпы, америкалықтар аптасына 4 тәулік, 10 сағаттан жұмыс істеуге қарсы емес. Өйткені отбасына, өзінің денсаулығына көбірек көңіл бөлетін бос уақыт пайда болады деп санайды.


«Robert Half» eңбекпен қамту агенттігінің зерттеуі бойынша АҚШ-тағы менеджерлердің 93 проценті командасының аптасына төрт күн жұмыс істеуіне қарсы емес. Олардың 64 проценті алдағы 5 жылда жаңа қысқарған жүйеге көшуді жоспарлап жүр екен.


Индиана университеті Келли бизнес мектебінің доценті Криштиану Гуарананың айтуынша, төрт күндік жұмыс өнімділігін зерттеу жұмыстары көп жерде жүргізіліп жатыр. Сараптама көрсеткендей, аптасына төрт тәулік жұмыс тәртібі компанияға ғана емес, оның қызметкерлеріне де тиімді екенін көрсеткен. Соның ішінде ең ауқымды әрі нақты зерттеуді Ұлыбритания жасады. Түрлі саладағы 61 компания және 3300 қызметкер дәстүрлі жұмыс аптасынан төрт күндікке ауысқан. Бұл кәсіпорындар ұжымның ахуалы мен өнімділігін білу үшін пилоттық зерттеуге қатысқан.


Ұлыбританиядағы зерттеу қорытындысы бойынша, жаңа жұмыс аптасына ауысқан компанияның табысы аса өзгермеген. Қызметкерлердің еңбек өнімділігі де төмендемеген. Керісінше, қызметкерлердің шаршауы азайып, ұйқысы қанып, алаңдаушылық жойылған.



«Тәжірибеге қатысқан компанияларда жұмысқа кешігу, келмей қалу, сырқатқа байланысты сұранып кету сияқты жағдайлар азайған. Қазір көптеген кәсіпорындар осы аптасына төрт күндік жұмысты талантты мамандарды ұстап тұру үшін ұсынатын болған. Демек компанияның ұзақ мерзімде жетістікке жетуіне қажет тәсіл сияқты. Кәсіпкерлер мен қарапайым жұмысшылар да пандемия кезінде қашықтан жұмыс істеудің тиімділігін көрді. Дегенмен сарапшылар төрт күндік жұмысқа көшкен компаниялар әлі де сирек екенін айтады. Ең бастысы, әр кәсіпорын ішкі тәртібі мен еңбек заңдылығын сақтай отырып ыңғайлы кесте бекітуі керек», - деп мәлімдеді Индиана университеті Келли бизнес мектебінің доценті Криштиану Гуарана.  


Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #4 күндік жұмыс кестесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);