Ақмола облысында «Қазақстан - Ұлы дала елі» атты жастар форумы өтті

Ақмола облысында «Қазақстан - Ұлы дала елі» атты жастар форумы өтті Inform.kz

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақстан - Ұлы дала елі» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Сандықтау ауданының Каменка ауылдық округінің агротехника колледжінде өткен шараның мақсаты - жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңызын жеткізу. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды рөлін көрсету. 



«Бұл жыл - біздің еліміз үшін ерекше жыл. Егемендікке қол жеткізгенімізге 30 жыл толады. Бірақ қанша жыл өтсе де, біз тарихымыздағы ұлттық қайраткерлер мен батырлардың ерлігін ұмытпауымыз керек. Мұндай форумдар - жас ұрпақта патриотизм сезімін оятатын, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын және оның рухын көтеретін бірегей жоба. Жалпы форум жоғары деңгейде өтті. Өте мазмұнды кездесу болды», - деді Каменка ауылдық округінің әкімі Майя Әркенова. 



Шара соңында ауылдың дамуына үлес қосып келе жатқан белсенді жастар марапатталды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:46

15:33

15:20

15:09

14:43

14:30

14:16

12:43

12:29

12:17

12:01

11:41

11:39

11:30

11:26

11:11

11:01

10:51

10:45

10:33

10:24

10:23

10:09

09:46