Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақмола облысында бір-бірімен қақтығысқан екі қарул...

Ақмола облысында бір-бірімен қақтығысқан екі қарулы топ ұсталды

Оқиға 01.07.2022, 03:56 1,170
Ақмола облысында бір-бірімен қақтығысқан екі қарулы топ ұсталды
сурет: Inform.kz

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр


Ақмола облысында бір-бірімен қақтығысқан барлығы 15 адамнан тұратын қарулы екі топ қолға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 28-де департаменттің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне «Қарасай тас жолы» айналма жолы бойындағы автодромда қарулы топтардың қақтығысы орын алғандығы туралы хабар түсті.



«Оқиға орнына криминалдық полиция басқармасының арнайы мақсаттағы бөлімше жедел-тергеу тобының қызметкерлері дереу жетті. Алдын ала тергеу барысында қақтығысқа қатысушылар - Көкшетау және Қарағанды қалаларының 22 жастан 40 жасқа дейінгі 15 тұрғыны екені анықталды. Олардан Tranfoglio және «Стражник» маркалы жарақат тапаншалары, оқ-дәрі, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді», - деді ведомстводан.



Полиция департаменті баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



«Қарулы қақтығысқа байланысты Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі - қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Сараптама тағайындалды», - деп толықтырды ведомстводан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарулы топ #полиция #қақтығыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика