конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Аптап ыстықтан қалай сақтану керек, дәрігер не дей...

Аптап ыстықтан қалай сақтану керек, дәрігер не дейді?

Керек кеңес 27.07.2024, 08:42 1,365 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Аптап ыстықтан қалай сақтану керек, дәрігер не дейді?
almaty-akshamy.kz

Синоптиктер осы жаздағы ауа-райы 43 градусқа дейін көтеріледі деген болжам айтуда. Яғни алдағы уақытта аптап ыстық әдеттегідей қатты болмақ.

Қалалық N8 емхана директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира  Байчулакова аптап кезінде әр адам, әсіресе күн ысыса денсаулығы сыр беретін кісілер сақтауға тиіс ережелерді айтып берді.

— Күн қатты ысығанда тіпті дені сау адамның демі тарылып, жүрегі қаға бастайды, ауа жетпей, басы айналып, кеудесі қысуы мүмкін. Өйткені ыстық жаз жүрекке ауыр тиеді. Жүрек-қан тамырлары ауруы бар адамдар осы мезгілде аса әлсіз, дегенмен дені саулар да абай болғаны жөн, - дейді дәрігер.

Дәрігер кеңестері:

* Сағат 12.00 мен 16.00 арасында далаға шықпауға тырысыңыз. Ал сыртта жүруге мәжбүр болсаңыз, көлеңке тасалап, ара-тұра сәкіге отырып демалыңыз.

* Түсі ашық, ыстықтатпайтын-терлетпейтін киім киіп жүріңіз.

* Жағасы, белі қысатын киімнен бас тартыңыз.

* Ет пен мал майын азырақ жеуге тырысыңыз. Сүт пен көкөністен жасалған тағамдарды тұтынған жөн. Рационыңыздағы ақжелкен, кинза, аскөкті молайтыңыз. Қатты тойып тамақ жемеңіз. Тұзды азайтыңыз.

* Көбірек су ішіңіз. Бірақ газдалған және өндірістік квастан пайда болмайтынын ескеріңіз. Ең жақсысы – таза су, морс, көк шай. Сонымен қатар жебіршөп, жалбыз, мелиссаны қайнатып, тұндырып, лимон мен мұз кесектерін қосып ішу денсаулыққа пайдалы. Ал құрамында аз болса да алкоголі бар сыра, коктейль, шарап ағзаның сусыздануына әкелетінін естен шығармаңыз.

* Жағажайда болғанда суға сүңгіп кетуге асықпаңыз. Дене температурасының күрт ауытқуынан жүрек шыдамай, талып кетуі ықтимал. Мұндай жағдай тіпті жас, сау адамда болуы мүмкін.

* Күні бойы көшеде жүргенде бүріккішпен су себініп отыруға болады. Оның ішіне жылы су құйып алыңыз – салқын суға қарағанда теріге сол пайдалырақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#синоптик #Гүлмира  Байчулакова #дәрігер #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында заңсыз салынған тағы бір нысан сүріліп жатыр

Бүгін 13:02

Алматы әкімі қаланың шағын өнеркәсіптік парктерінің жұмысын бағамдады

Бүгін 12:29

Алматы облысындағы перзентханада үшем шетінеп кетті

Бүгін 10:44

Өз қаражатына балалар алаңын салған кәсіпкер 2 миллионнан аса теңге төлеуге міндеттелді

Бүгін 10:17

Алматының тау шаңғысы инфрақұрылымы бес есе кеңейеді

Бүгін 09:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);