Бейсенбі күні Астанада қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, дауыл соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус болады.
Алматыда жауын-шашынсыз, түнде +22…+24, күндіз +36…+38 градус ыстық күтіледі.
Шымкентте де күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +41…+43 градусқа дейін көтеріледі.