AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Аптап және жаңбыр: 3 шілдеге арналған ауа райы бол...

Аптап және жаңбыр: 3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Мұны білген жөн 03.08.2025, 09:35 549
Аптап және жаңбыр: 3 шілдеге арналған ауа райы болжамы
сурет: ашық дереккөз

Қазгидромет синоптиктері 3 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астанада түнде найзағай ойнап, тұман түседі. Алматыда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей кездері 18-23 м/с жетеді. Жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Шымкентте 3 тамызда жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыс аумағында найзағай болады. Солтүстік, солтүстік-батыс бағыттағы жел солтүстікте, оңтүстікте және орталықта 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігі мен орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысы, оңтүстігі және шығысында тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-шығыс желі күндіз солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с екпінмен соғады.

Ақтөбе облысының батысында және оңтүстігінде күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей кездері найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстігі мен таулы аймақтарда 18-23 м/с жылдамдықпен соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыс бойынша найзағай болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Шығысы, батысы және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда найзағай, күндіз оңтүстігі, шығысы және таулы аудандарда найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аудандарда 15-20 м/с. Солтүстігінде, батысында және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Шығысы, орталығы және таулы аудандарында найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, шығысы, орталығы және таулы аудандарда 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с-қа жетеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстігі, батысы және орталығында 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде түнде найзағай болады. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік желі күндіз солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыс желі күндіз оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстіктен соғатын жел күндіз солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с екпінмен соғады. Облыстың оңтүстік жартысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі және орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/с. Күндіз 38-40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы, оңтүстігі және орталығында — өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман болады. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел таулы аудандарда 15-20 м/с. Облыс бойынша өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болжам #ауа райы #синоптиктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика