AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / АӨСШК-нің трансформациясы туралы Астана мәлімдемес...

АӨСШК-нің трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды

Саясат 13.10.2022, 07:50 1,437
АӨСШК-нің трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды
Сурет: Akorda.kz.

Саммит барысында бірқатар құжат қабылданды. 


Бүгін Астанадағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде бірқатар құжат қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Саммит аясында АӨСШК-ге мүше мемлекеттерден бекіту үшін тиісті құжаттар ұсынылды.



«АӨСШК-нің трансформациясына қатысты құжаттарды қабылдау тұрғысында қандай да бір қарсылық бар ма? Қарсылық жоқ. Онда АӨСШК-нің трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды деп саналады», - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммит барысында.



Қабылданған келесі құжат қауіпсіздік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы АӨСШК көшбасшылары мәлімдемесінің жобасы болды.


Осы орайда Қазақстан Президенті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қадамдарына ерекше назар аударылатынын айтты.


Мұнымен қоса, саммит барысында АӨСШК қорын құруға қатысты құжат қабылданды.


Бұл тұрғыда Қазақстан Президенті АӨСШК қоры құжатының бекітілуі мен АӨСШК жобаларын анықтау мен іске асырудың арнайы тетігінің айқындалуына орай өз құттықтауын жеткізді.


Бұдан бөлек, БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінің терроризмге қарсы резолюциясын жүзеге асыру үшін АӨСШК-нің іс-қимыл жоспары қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саммит #Қазақстан #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);