Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Антиваксер ата-аналармен ешкім жұмыс істемейді

Антиваксер ата-аналармен ешкім жұмыс істемейді

Әлеумет 14.12.2023, 09:27 1,244
Антиваксер ата-аналармен ешкім жұмыс істемейді
Сурет: интернеттен

Депутат дабыл қақты.


Сенатор Бибігүл Жексенбай қызылшаға қарсы екпе мәселесіне тоқталып, діни сенімін сылтауратқан бас тартушылармен жұмыс істелмейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстан қызылша ауруы бойынша Эфиопия, Пәкістан, Конго елдерін басып озып, Йемен және Үндістанмен теңесті. Бибігүл Жексенбай Қазақстанда вакцинация мәселесі бірден туындаған жоқ деп есептейді. Мамандардың айтуынша, мұның басты себептерінің бірі – ата-аналардың барлығы бірдей екпенің маңызын түсіне бермеуінде.



"Шалғайдағы және ауылды елді мекендерде медицина кадрлары мен құрал-жабдықтардың жетіспеуі де балаларды уақытылы егуді қиындатады. Сонымен қатар біраз өңірде вакцинаға қолжетімділік пен егу қызметінің сапасына байланысты мәселелер бар. Сонымен қатар діни наным-сенімдерін алға тартып, бас тартатындармен де жұмыс істелмейді. Екпе деңгейі туралы есептердің сеніміне күмәнданатындар көп. Біз Қазақстанның цифрландыруда алға жылжығанын мақтан етеміз, бірақ вакцинация деректері неге әлі күнге дейін қағаз дәптерге жазылатыны түсініксіз", деді Бибігүл Жексенбай.



Сонымен қатар депутат кейбір әлеуметтік-экономикалық топтардың вакцинациямен қамтылу деңгейінің төмендігіне тоқталып, вакцинация деңгейі туралы берілген есептердің дұрыстығына күмән келтірді. Үкіметтің бұл мәселені шешуге жылдар бойы салғырт қарағанына ашуланған сенатор жағдайды реттеуге бағытталған бірқатар ұсынысын айтты.



"Біріншіден, жағдайды жақсарту үшін вакцинацияның маңызы мен қауіпсіздігі туралы ата-аналар арасында ақпараттық жұмысты күшейту қажет. Екіншіден, еліміздің барлық аймағында сапалы вакциналар мен медицина қызметтеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы мобильді медицина бригадаларын ұйымдастыру қажет. Үшіншіден, сапасы мен жарамды мерзімі өтіп кеткен дәрілердің, вакциналардың жойылуын қадағалауды күшейту керек", деді Бибігүл Жексенбай.



АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) әлемдегі қызылша індеті туралы мәліметтерді жариялады. Қазақстан дертке шалдыққандар саны бойынша алғашқы үштікке енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенатор #қызылша #вакцина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика