конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Антикордың Call-орталығына жыл басынан бері 20 мың...

Антикордың Call-орталығына жыл басынан бері 20 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Әлеумет 09.10.2024, 15:04 1,260
Антикордың Call-орталығына жыл басынан бері 20 мыңнан астам өтініш келіп түсті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі (Антикор) хабарлағандай, 2024 жылдың басынан бері Call-орталыққа 20 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде 4,5 мың азаматқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелері бойынша кеңес берілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл өтініштердің 572-сі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының белгілерімен түскен хабарламалар болып табылады.

Антикорупция агенттігі атап өткендей, Call-орталық арқылы келіп түскен хабарламалар негізінде ашылған қылмыстық істер саны артып келеді. Азаматтардың белсенділігі мен мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуы қылмыстық әрекеттерді анықтауда маңызды рөл атқарып отыр.

Сонымен қатар, агенттік Call-орталыққа түскен әрбір өтініштің мұқият қаралып, тергеу жұмыстарының тиімді жүргізілуіне баса назар аударатынын мәлімдеді. Бұл қызмет азаматтарға сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы тікелей хабарлау мүмкіндігін беріп қана қоймай, мемлекеттік органдардың жұмысын қадағалап, олардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Call-орталық қызметі азаматтардың құқықтарын қорғауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды құралдардың бірі ретінде кеңінен қолданылып келеді. Антикордың деректері бойынша, алдағы уақытта қылмыстық істердің саны мен сыбайлас жемқорлықты болдырмауға қатысты шаралардың күшейтілуі күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өтініш #антикор #Сыбайлас жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Кеше 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);