AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Антикор онлайн оқу курсын бастады

Антикор онлайн оқу курсын бастады

Әлеумет 23.05.2024, 19:03 1,070
Антикор онлайн оқу курсын бастады
интернет

Бүгінде 20 мыңнан астам адам курстан сәтті өтті.

Курс бағдарламасы 3 модульден және 10 жеке тақырыптан тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде «Documentolog Global Limited» компаниясымен және М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетімен бірлесе мемлекеттік қызметкерлерге арналған жемқорлыққа қарсы онлайн оқу курсын әзірледі.

Курстың мақсаты – жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерді жемқорлық тәжірибелері, олардың салдары және алдын алу әдістемелері туралы жүйелі біліммен қамтамасыз ету. 

Бұл курс «Documentolog» ақпараттық жүйесінде өтеді. Ол осы платформаға қол жеткізе алатын барлық мемлекеттік қызметкерлерді қамтуға мүмкіндік береді.

«Documentolog» АЖ – бұл мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің қызметкерлері күнделікті пайдаланатын электрондық құжат айналымы жүйесі.

Курс бағдарламасы 3 модульден және 10 жеке тақырыптан тұрады. Оқу материалдары схемалар, жадынамалар және интерактивті презентациялар форматында қысқаша мәтіндік баяндамалар түрінде ұсынылған.

Курс заңдар мен нормативтерді түсінуді, жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты енгізуді, құралдарды меңгеруді қамтитын жемқорлыққа қарсы нормалар мен мінез-құлықтарды оқытуға тұтас көзқарасты ұсынады.

Сонымен қатар, қазір мемлекеттік қызметкерлерді жемқорлыққа қарсы оқыту жыл сайын 10 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерді қамти отырып, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында қайта даярлау және біліктілігін арттыру шеңберінде жүргізіледі.

Агенттік әзірлеген онлайн курс барлық мемлекеттік қызметкерлерді жұмыс процестерінен қол үзбей, жемқорлыққа қарсы біліммен уақтылы қамтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл курсты ұлттық компанияларда, квазимемлекеттік және жеке ұйымдарда тарату жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикорр #курс #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);