AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 7 мыңнан астам...

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 7 мыңнан астам нәресте өмірге келді

Әлеумет 21.06.2024, 09:50 639 dulatbekova
«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 7 мыңнан астам нәресте өмірге келді
Cурет: Primeminister.kz

Үкіметте «Аңсаған сәби» жобасының жүзеге асу барысы қаралды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бағдарламаның басы-қасында жүрген репродуктолог мамандармен, қоғам белсенділерімен және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып келе жатқан бағдарлама арқылы 7 мыңнан аса нәресте дүниеге келген болатын. «ЭКОМЕД» адам репродукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова бала сүюді аңсаған азаматтар арасында оған сұраныс артып келе жатқанын жеткізді.

«Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз қарым-қатынаста атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бірқатар мәселелер шешімін тапты. Өз кезегін күткен жұптар қазір бұрынғыдан қарағанда квотаға жылдамырақ қол жеткізетін болды. Репродуктология саласы қарқынды дамып келеді. Соңғы кездері эмбриондарды креоконсервациялаудың арқасында экстракорпоралды ұрықтандыру әдісінің нәтижелілігі артты», — деді Салтанат Байқошқарова.

Экстракорпоралды ұрықтандыру ісінде қоғамдық ұйымдар да атсалысуда. Мәселен, «Mariyam» қайырымдылық қорының көмегімен 10 cəби дүниеге келген. Ұйымның қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ләйлә Сұлтанқызы жобаны одан әрі жетілдіруге болады деген пайымда. Бұл ретте сала мамандарымен бірлесе отырып, бірқатар ұсынысты ортаға салды. 

Қазіргі уақытта елімізде жасанды ұрықтандыру ісімен 31 орталық айналысады. Оның 19-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде қызмет көрсетуде. Оларға қарастырылған квоталарды бөлу тәртібін қайта қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ экстракорпоралды ұрықтандыру шарасына кететін шығындарды қайта қарау, тиісті ақпараттық жүйелер арасындағы интеграцияны күшейту жағы сөз болды. Тамара Дүйсенова ұсыныстарға байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ вице-премьер мәселенің салдарымен қатар, себебімен жүйелі жұмыс қажет екенін атап өтті. Ресми дерекке сай, елімізде 4 мыңнан астам ер азаматқа және 29 мыңнан аса әйел адамға бедеулік диагнозы қойылған. 

«Ең алдымен жасөспірімдер, ата-аналардың, жалпы халық арасында саламатты өмір салтын ұстануға байланысты ақпараттық-насихат жұмысы күшейтілуі шарт. Қажетті медициналық профилактикалық тексеру шараларымен қамту маңызды. Бір сөзбен айтқанда, дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін кеселдің алдын алуға күш салуымыз қажет. Адам ағзасында патология анықталған жағдайда ерте бастан алғашқы көмек беру жүйелі жүргізілуі керек», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #Аңсаған сәби #Экстракорпоралды ұрықтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);