AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әнипа Назарбаеваны сотқа берді

Әнипа Назарбаеваны сотқа берді

Заң мен тəртіп 13.01.2025, 16:20 1,048 yakiya
Әнипа Назарбаеваны сотқа берді
youtube.com

Шағымданушы – Түрксіб аудандық мемлекеттік кірістер департаменті.

Сот жүйесіне тіркелген іс құжаттарына сүйенсек, Мемлекеттік кірістер департаменті «CDM GRoup» компаниясының бұрынғы иесі Әнипа Назарбаева мен қазіргі иесі Жанат Мамриеваның үстінен сотқа арыз берген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Департамент «CDM GRoup» компаниясының жарғылық капиталындағы 100% үлесті сатып алу – сату шартын және мемлекеттік қайта тіркеуді жарамсыз деп тануды сұраған.

Іс 2024 жылдың 11 қарашасында басталған, 6 қаңтарда алғашқы сот отырысы белгіленген. Алайда алғашқы сот отырысына қатысты құжаттар жүйеде жария болмаған.

Egov жүйесіндегі ақпарат бойынша, «CDM GRoup» компаниясы 2015 жылы 18 наурызында тіркелген. 2017 жылға дейін оның құрылтайшылары: Әнипа Әбішқызы Назарбаева мен Әли Жанболатұлы Қылышпаев болған. 2017 жылдың 17 наурызында компания қайта тіркеуден өтіп, оның жаңа құрылтайшысы Жанат Мамриева болған. Сот ісіне түрткі болып отырған осы қайта тіркеу кезіндегі келісімшарт болуы мүмкін. Себебі Мамриева мен Назарбаеваны осы компания байланыстырады. Назарбаевадан бөлек, Қылышпаевтың неліктен соттан тыс қалғаны белгісіз.

«CDM GRoup» компаниясы көтерме саудамен айналысады. «Бизнес-аналитик» жүйесінің ақпаратына сүйенсек, 2024 жылдың желтоқсанындағы жағдайға байланысты компанияның мемлекет алдындағы салық берешегі  350 613 102 теңгеге жеткен. Осы компаниямен бір мекенжайда (Түрксіб ауданы Красногвардейский тракті 152Д) Жанат Мамриеваға тиесілі тағы бір компания тіркелген. «ТДА транзит Алматы LTD» компаниясының мемлекетке салық берешегі 318 250 570 теңгені құрайды (2024 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түрксіб #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);