AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық өз туы...

Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық өз туыстарын тапты

Оқиға 27.11.2021, 11:33 1,785
Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық өз туыстарын тапты
Cурет: Inform.kz

Оның анасы Ақмола облысының Степногор қаласында туған


Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық жігіт өз туыстарын тапты. Бұл туралы оның әпкесі Элизабет Азиз айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Америкалықтар асырап алған қазақстандық Андрей Шаталин өзінің биологиялық ата-анасын іздеп жүргені туралы алғашқы жарияланымымыздан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Андрей Шаталиннің анасымен және туыстарымен таныс екендіктерін жазған.


Осы ретте ҚазАқпарат тілшісі ақпаратты растаған Элизабет Азиз есімді әпкесімен хабарласты.



«Біз оның туған отбасын таптық, көмектескендеріңіз үшін рахмет», - деп жауап берді Элизабет Азиз.



Бұрын қыз оның биологиялық анасы қайтыс болуы мүмкін деп айтқан, бірақ ол өзінің ағасы Андрей Шаталиннің отбасын немесе бауырларын, әпкелерін іздеген болатын.



«Менің ағам да, мен сияқты асырап алынды. Ол 2005 жылы асырап алынды. Оның туған кездегі есімі - Андрей Шаталин. Ол шамамен 13-19 қазанда дүниеге келген. Әр құжаттағы күн әр түрлі. Бізде оның биологиялық анасы Наталья Алексеевна Шаталина туралы ақпарат бар. Ол шамамен 1973 жылы дүниеге келген және 2012 жылы қайтыс болған-мыс. Құжаттарда оның Андрейге дейін тағы бір баласы болғандығы айтылған, сондықтан біз ол туралы және басқа да ықтимал ағалары мен әпкелері туралы білуге тырысамыз», - деді Элизабет Азиз.



Қыздың айтуынша, оның ағасы Астана қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан - авт) дүниеге келген, содан кейін оны Манас көшесіндегі ауруханада қалдырған. Кейін оны елордадағы мамандандырылған балалар үйіне тапсырды.



«Оның анасы Ақмола облысының Степногор қаласында туған. Туу туралы куәлікте туған әкесінің аты жоқ. Сондай-ақ, біз Андрейдің биологиялық анасының отбасы мүшелері туралы ақпарат табуға тырысамыз. Кейбір мәліметтер бойынша, Андрей жартылай орыс, жартылай қазақ», - деді Элизабет Азиз.



Еске сала кетсек, америкалықтар асырап алған қазақстандық жігіт өз туыстарын іздеп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Америка #Қазақ #бала #туыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);