AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Әмен Қайдаров туралы анимациялық фильм түсірілуде

Әмен Қайдаров туралы анимациялық фильм түсірілуде

Мәдениет 10.09.2022, 05:30 1,715
Әмен Қайдаров туралы анимациялық фильм түсірілуде
Сурет: Kazakhfilmstudios.kz

Қазақ және түркі анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың 100-жылдығына арналған «Әмен ағаның ғажайып ағашы» атты қысқаметражды анимациялық фильм жарыққа шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Анимациялық картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясында түсіріліп жатыр. Анимациялық фильмнің сценариін Әмен Қайдаровтың шәкірті Тамара Мұқанова мен қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист Зира Наурызбаева жазды.


Қазіргі таңда кейіпкерлердің бастапқы эскиздері дайын.



«Фильм желісі Әмен ағаның Бауыржан Нөгербековтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмінде жұмыс істеген жылдарымен тікелей байланысты. Ол кісіге шабыт қалай келді, түсірілім кезіндегі бастан кешірген қиыншылықтары мен қызықтары жайлы баяндалады. Негізгі мәліметтер мен әдеби деректер көзі Бауыржан Нөгербековтың «Когда оживает сказки» кітабынан алынды»-, деді фильмнің қоюшы режиссері Жанәділ Байдарбеков.



Айтуынша, жобаға 10-нан аса адам жұмылдырылған. Жоспар бойынша жыл соңына дейін туындыны аяқтау міндеті тұр.



«Жалпы 10 минуттық фильм жасауға кемінде жарты жыл уақыт кетеді. Қазір бізде техникалық тұрғыдан біраз қиындықтар бар. Себебі суретте тек мультфильм жасаушыларды ғана емес, Әмен ағаның жанында жұмыс істеген атақты суретшілер, танымал композиторлар- Нұрғиса Тілендиев, Олжас Сүйлеменов сынды мәдениетіміздің көрнекті қайраткерлерінің образын, түр әлпетін барынша ұқсатып келтіру үлкен жауакершілікті жүктеп отыр» деп бөлісті режиссер.



Жаңа анимациялық фильм қазақстандық көрерменге алдағы жылдың көктем айында Әмен Қайдаровтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жол тартады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #фильм #Әмен Қайдаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="99"]'); } }, 1500);