ffin.kz

Амал мен аңыз...

Амал мен аңыз... phonoteka.org

Жақсылығына бақса, алты күнге, жақсылығына бақпаса, алпыс күнге созылатын қауіпті «Сәуір амалы» келді. «Қырық сәуірік, бір мырза» деп аталған атақты аңыз осы амалдың ішінде.


«Қызыр қамшысы» амалы аяқталды. Кешеден бастап «Сәуір» амалы көрініс берді. Бұрынғы жұлдызшылардың айтуынша, айдың 25-іне дейін жалғасады. «Жақсылығына бақса, алты күнге, жақсылығына бақпаса, алпыс күнге созылатын» аса қауіпті амал.



Қариялар сәуір амалы кіргенде, бұлтты бақылайды. Бұлт төніп, ыдырамаса, сәуірдің бұлты қалып қойды дейді. Ол жылы сәуір амалы ұзаққа созылып, бұлт төніп, мұз жауады. Сондықтан «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген тәмсіл қалыптасқан. Сәуірдің «қойшы», «құсқанаты» деген жанама аттары бар. Ауа райының ерекшелігі: күн жылынып, көк шыққан кезінде аяқастынан ауа райы бұзылып, қарлы боран болуы мүмкін екен. «Сәуір болмай, тәуір болмас», «Сәуірде жауған жауының, сауып тұрған сауының», т.б. мақал-мәтелі, қанатты сөздері бар.



Сәуір жаңбырының адамға да, табиғатқа пайдасы көп. Жыланның уы, балықтың інжуі, тіпті бал арасының балы да осы жаңбыр суынан пайда болады-мыс. Сәуір жаңбыры – дертке дауа, қиыншылыққа кеңшілік, ауруға шипа су. Сулардың ішіндегі ең таза су – сәуір жаңбыры. Сәуір жаңбыры суымен ұйытылған айран өте маңызды болады (тәжірибесі жасалған). Сәуір жаңбырында суланған киім шірімейді, шаш түспейді, әсіресе, оқылған сәуір жаңбыры қояншық ауруына шипа, психологиялық ауруға дауа, тән ауруына пайдалы. Перзентті болмай жүргендер ішсе, балалы болады деген хадис те бар екен.



«Сәуір амалы өтпей, сәуірік пішуге болмайды». Сәуірік (3-4 жастағы үйірге түспеген) айғыр. Амалдың осындай ұстанымы бар. Бір мысал: осы амал кезінде бір байдың қысыраққа бөлінген байтал айғырларын далаға – өріске айдап апарыпты. Ойламаған жерден дауыл тұрып, қар жауып, күн суытып, жұқа киінген бай мырзасы мен 40 сәуірік (айғыр) суықтан өлген делінеді. Ел ішінде осы амал «қырық сәуірік, бір мырза» деп аталып кетсе керек.



Бүгін григорианша (қолданыстағы күнтізбе) сәуірдің 21-і, мұсылманша (ай күнтізбесі бойынша) рамазанның 20-сы. Қазақы есепке (ескіше) сүйенсек, айдың 8-ші жаңасы. Апта айдың алғашқы онкүндігі мен соңғы аптасына дәл келіп тұр. Демек, ауа райында аз да болса ауытқушылық бар дегенді білдіреді. Аспан денелерінің қимыл-қозғалысына болжам жасайтын болсақ, күн ысиды, жаңбыр жауады. Жоғарыда айтқанымыздай, сәуір айына да, "Сәуір амалына" да сенім жоқ...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51