AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алтын қазына»  танытқан таланттар

«Алтын қазына»  танытқан таланттар

Әлеумет 14.03.2025, 17:20 719 Рая Ескендір
«Алтын қазына»  танытқан таланттар
almaty-akshamy.kz

Оқушылар сарайында бас қосқан  оқушылардың қарасы қалың.   Олар бұл күні өз қолдарымен жасаған әсем бұйымдарын көпшілік талқысына салып,   бақ сынап жатыр.   «Алтын қазына» атты  қалалық көркем және сәндік-қолданбалы  өнер бойынша балалар  шығармашылығының  көрме-байқауына  қатысқан жұмыстарды   әділқазылар 7 номинация бойынша бағалады.  Жүзден жүйріктер арнайы дипломдармен марапатталды.

Көрме залынан орын алған жұмыстар бірінен-бірі өтеді. Оның үздігін таңдау қазыларға да оңайға түспеген сыңайлы. Өйткені, баланың  қиялы өте жүйрік. Әсте,  оның әлеміне бойлау  да оңай емес. Мәселен, бір ғана бояумен  бүкіл ойын жеткізген, қарапайым жіппен тақырыпты ашып көрсеткен  жұмыстар бар. Әсіресе, ағаштан түйін түйген, темірді қамырша илеген шебер балалардың қадамы  қатты қуантып отыр.  Әрине, олар келешекте осы жолды таңдап жатса,  көркем өнер саласының болашағы жарқын болары сөзсіз. Тағы бір қуанарлығы- олардың  шығармаларындағы  ұлттық бояудың қанықтығы болды.  Балалар өз шығармалары арқылы ұлттық құндылықты  барынша дәріптегені байқалады.  Кез-келген шығармаға зер салсаңыз, онда безбенделген ел тарихын  байқайсыз.  Туындыға еліміздің өткені мен бүгіні арқау болған. Сонымен,  «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу:» -Алмабек Жәнібек,  «Металлды көркемдеп өңдеу»  Малика Хафиз,  «Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндер жасау»  Абай Елжан, «Тоқыма бұйымдарын дайындау»  Арай Еркін ,  «Қағаздан бұйымдар жасау»  Айдана Қанайбек,  «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» Мәриям Датқаева,  «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн жобасы:» Әлихан Әнуарұлы  7 аталым бойынша 1 орын иегері  атанып, жеңімпаз деп танылды.

Тақырыпқа орай:

Мәдина Мұратбекқызы,  Оқушылар  сарайының  көркем өнер  бөлімінің  жетекшісі

  •         Көрме-байқаудың «Алтын қазына» аталуы да тегін емес.  Жалпы, бұл байқау үрдіске айналып, тұрақты өтіп келеді.  Осынау байқау барысында қаншама талантты  баланың есімі белгілі болды. Байқауға қатысып, бағын сынағандар қаншама!  Мәселен, биыл  7 аталым бойынша 230 жұмыс келіп түсті.  Оқушылар  сарайының  көрме залында жеңімпаздар есімі  анықталды. Сәтін салса,  1 орын иегерлері мамаыр айында  Астанада  қашықтан  өтетін республикалық  кезеңге қатысатын болады.
  •  
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #Алтын қазына #жарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);