AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алтын Орда дәуіріндегі көне қалашықтың орны табылд...

Алтын Орда дәуіріндегі көне қалашықтың орны табылды

Әлеумет 25.09.2022, 11:00 1,338
Алтын Орда дәуіріндегі көне қалашықтың орны табылды
Сурет: Inform.kz

Атырау облысының Махамбет ауданында көне қалашықтың орны табылды. Ғалымдар оны Алтын Орда дәуіріндегі қалашық болуы мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Көне мекен Сарайшық қалашығынан 25 шақырым жерде орналасқан. Аумағы – 100 гектар. Қалашық орнында «Сарайшық» мемлекеттік музей-қорығының ғалымдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған Ресейден келген ғалымдар да тартылған.



Археологтер көне қалашықты зерттеу мақсатындағы қазба жұмысы кезінде мазарға ұқсас нысанды тапқан. Оның іргетасы, төменгі қабаты сол күйінде сақталған.



«Бұл мекеннен қыш құмыралар, тиындар, орта ғасырдағы жәдігерлер, ХІV ғасырдың тиындары табылып отыр. Бұл – Қазақстан тарихына қосылған зор үлес», - дейді «Сарайшық» мемлекеттік музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұхтар.





Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуовтің айтуына қарағанда, кейінгі екі жылда 10 шақты қалашық пен елді мекеннің орны ашылған. Сол қалашықтар арқылы Ұлы Жібек жолы бойындағы Сарайшық қалашығынан үш бағытқа шығатын керуен бағыты анықталып отыр.



«Қазір Қарағайлы деген жерден шағын көне қалашықтың орны табылды. Жердің бетінде жатқан көне заттардың сынықтарына қарағанда, бұл мекенді Алтын дәуіріндегі қазақ хандығының қалашығы деп топшылауға болады», -дейді Мадияр Елеуов.








Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын орда #Сарайшық #археологтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрбан айтта неше күн демалыс?

Бүгін 09:10

Еліміздің барлық өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:31

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Кеше 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Кеше 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);