Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Алтын Орда" базарының иесі әкімшілік жауапқа тарт...

"Алтын Орда" базарының иесі әкімшілік жауапқа тартылды

Әлеумет 22.07.2022, 10:22 1,444
"Алтын Орда" базарының иесі әкімшілік жауапқа тартылды
Сурет: Yandex.kz

1,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.


«Алтын Орда» базарының иесі әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен компанияға 1,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



 «Алматы облысы Қарасай ауданы Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодкестің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес, монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 тенге көлемінде тәркілене отырып, 1 424 776 тенге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.



Агенттік таратқан мәліметке қарағанда, бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген.



«Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындылары бойынша серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстеме немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған», - деп хабарлады ведомстводан.



Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Базар #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика