AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алтын Орда» базары кімге тиесілі екені белгілі бо...

«Алтын Орда» базары кімге тиесілі екені белгілі болды

Әлеумет 15.02.2022, 09:06 1,621
«Алтын Орда» базары кімге тиесілі екені белгілі болды
Сурет: Time.kz

«KURYLYS LTD» ЖШС құрылтайшысы және басшысы ретінде Болат Назарбаев көрсетілген.


Сауда және интеграция министрлігі «Алтын Орда» базарының аумағы «KURYLYS LTD» ЖШС-на, ал қосымша жалгерлік құқы «Atyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС-на тиесілі екенін мәлімдеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.


Жалпы сауда алаңы 218 151 шаршы метрді құрайды. Тауар айналымының көлемі айына орта есеппен 147 млн теңгеге, жүк айналымы күніне 500 КамАЗ-ға дейін жетеді. Күніне базарға 8-15 мың сатып алушы келеді.


«Алтын Орда» базарында 5050 сауда орны бар. Оларды 45 440 адам жалға алады. Жалдау құны орта есеппен 42,5 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ аумағында «Алтын Орда» қонақ үйі орналасқан. Сауда министрлігі базар ішкі сауда ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін, сауданың көлеңкелі айналымы бар екенін мәлімдеді.


Ведомство базар жұмысын тоқтату жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін деп отыр.



«Мысалы, базардағы сауда және жұмыс орындарының санын қысқарту ол жердегілердің наразылығын туғызады. Сондай-ақ тауар ағыны Қырғызстанның Дордой базарына көшіп, сауда орындарында апатты жағдайлардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Жақын маңдағы базарлар үлкен тауар ағынына төтеп бере алмайды. Алматы облысында 84 базар, Алматыда 45 базар жұмыс істейді. Оларда артық орын жоқ, толып тұр», – делінген министрлік хабарламасында. 



Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы мен Алматы әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, екі ай уақытта «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырған. Президент ол жердің пайдакүнемдер үшін нағыз «майшелпекке» айналғанын айтқан болатын.


Азаматтарға арналған үкіметтің деректеріне сәйкес, «KURYLYS LTD» ЖШС құрылтайшысы және басшысы ретінде Болат Назарбаев көрсетілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Базар #алтын орда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);