Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алты мыңға жуық қазақстандық ақпараттық жүйе арқыл...

Алты мыңға жуық қазақстандық ақпараттық жүйе арқылы қызмет алды

Әлеумет 12.10.2022, 04:14 841
Алты мыңға жуық қазақстандық ақпараттық жүйе арқылы қызмет алды
Сурет: Gov.kz

Әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді.


«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін пилоттық режимде енгізудің арқасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 20 мың адамға мемлекеттік көрсетілген қызметтер белсенді көрсетілуі үшін SMS жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 5,5 мың адам немесе 29,4% пайдаланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



"Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек", - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады. 


Проактивті форматтағы мемлекеттік қолдау шаралары Отбасының цифрлық картасы арқылы 5,5 мың азаматқа тағайындалды.


Бұрын хабарланғандай, Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардың мәліметтерін жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және оларға проактивті форматта кепілдендірілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.


Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 19,5 млн азаматы немесе 6,3 млн отбасы туралы ақпарат жинақталған.


Жобаны іске асыру кезеңдері:


- осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызмет алуға мүмкіндік берілді;


- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады;


- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады;


- 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.


Алаяқтықтың алдын алу мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.


Барлық сұрақтар жөнінде 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызмет #жоба #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері құқықтық мәдениетін нығайтуда

Бүгін 21:07

Алматы қаласы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шеқаралары және жұмыс уақыты туралы

Бүгін 19:07

Сайлау кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және Алматы қаласының мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі

Бүгін 18:54

Колледж оқытушылары жасанды интеллект негіздерін тегін оқып шықты

Бүгін 18:07

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі