Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Алтай би» тарихи дастанының тұсаукесері өтті

«Алтай би» тарихи дастанының тұсаукесері өтті

Мәдени Алматы 18.10.2024, 16:03 1,648
«Алтай би» тарихи дастанының тұсаукесері өтті
ҚР Ұлттық кітапханасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Парасат» орденінің иегері, ақын, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры Дүкен Мәсімханұлының «Алтай би» атты тарихи дастанының тұсаукесері өтті. Шараға белгілі тарихшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және басқа да қонақтар қатысты.

Шараның модераторы – «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосының редакторы Қошан Мұстафа болды. Конференцияны ғалым-агроном, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ аграрлық зерттеу университетінің профессоры Әлімқұлов Дәмір Мәлімбекұлы ашты.

Шара барысында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Нығметоллаұлы Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұхаметханұлы, ҚР ҰҒА академигі Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Зиябек Ермұханұлы Қабулдинов «Алтай би» дастанына қатысты баяндама жасады.

«Алтай би» кітабының тұсаукесерін Байынқол Қалиұлы, Серік Нығметов, Қансейіт Әбдезұлы, Нәбижан Мұхаметханұлы, Берекет Кәрібаев, Зиябек Қабулдинов, Дәмір Әлімқұлов, Қазыбекби Бүйтекұлы және автор Дүкен Мәсімханұлы жасады. Дастанның авторы өз сөзінде конференция қатысушылары мен қонақтарына, сондай-ақ «Найманбайұлы Алтай би» қоғамдық бірлестігіне алғысын білдіріп, кітаптың шығу тарихын баяндады.

Тұсаукесер рәсімінде ақын, аудармашы Қастер Сарқытаханұлы мен ақын Мақсат Ережепов арнау өлеңдерін оқыды. Әншілер Ербол Спандиев пен Сержанәлі Әлібек «Алтай, биік тірегім» әнін орындады.

Конференцияны «Найманбайұлы Алтай би» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбекби Бүйтекұлы қорытындылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітап #Тұсаукесер #Алтай би
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика