конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Жетісу ауданында инвестиция 32%-ға өсіп,...

Алматының Жетісу ауданында инвестиция 32%-ға өсіп, 40 млрд теңгенің жобасы іске асқалы жатыр

Алматы 08.04.2026, 11:48 407
Алматының Жетісу ауданында инвестиция 32%-ға өсіп, 40 млрд теңгенің жобасы іске асқалы жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева биылғы бірінші тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын таныстырып, 2026 жылға арналған негізгі бағытты белгіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Жетісу ауданы қаланың индустриялық орталығының бірі ретіндегі мәртебесін сақтап, тұрақты түрде дамып келе жатыр екен.

«Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша біз негізгі экономикалық көрсеткіштердің өскенін байқап отырмыз. Инвестиция 32%-ға артып, шамамен 20 млрд теңгеге жетті. Бұл инвесторлардың сенімі мен аудандағы іскерлік белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді», – деді Ләззат Жылқыбаева.

Биыл аудан үлкен инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, жалпы құны 40 млрд теңгеден асатын «А» санатындағы екі қойма кешенінің («Карина» мен «Техноград») құрылысы, сондай-ақ 12 млрд теңгеге «Жаңа Ялян» мен «Саудакент» сауда орталығын салуды жоспарлап отыр.

Өнеркәсіп саласында да өсім байқалады. Өндіріс көлемі 10%-ға артып, шамамен 60 млрд теңгеге жеткен. Жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асатын үш шағын индустриялық парк іске қосылып, сондай-ақ қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту бағытында да жұмыс істеліп жатыр.

Экономикаға 35 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны қосымша үлес қосып отыр. Олардың белсенділігінің арқасында салық түсімі 13%-ға өсіп, 100 млрд теңгеге жетіп, 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылған.

«Біздің міндетіміз осы қарқынды сақтап қана қоймай, бизнесті дамыту мен халықты жұмыспен қамту үшін қолайлы жағдай жасау», – дейді аудан әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының мәдениет, ғылым, бизнес және жастар қауымдастығы сайлауға белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 21:05

Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жариялады

Бүгін 19:23

Алматыда пәтерге тіркелетіндер саны шектелуі мүмкін

Бүгін 17:31

Текелі омарта өнімдерін жаңа деңгейге шығармақ

Бүгін 17:05

Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);