AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мекте...

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Алматы 08.04.2026, 11:55 203 Сұлу
Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады
depositphotos.com

Халық саны өскендіктен, оқушы орнының тапшылығын азайту мақсатында Жетісу ауданы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытып жатыр. Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистерге аудандағы қолға алынған осы жұмыстар туралы баяндады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Боралдай көшесінде 1200 орындық №225 мектеп салынып бітеді. Оны жаңа оқу жылында ашпақ.

Сонымен қатар шілде айының соңына дейін №112 мектепке 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып, желтоқсан айында №43 мектепті қайта жаңғырту мен 280 орындық қосымша құрылыс салу жоспарланған.

Қосымша білім беру жүйесі де қатар дамып келеді. Құлагер ықшамауданында балалардың ғылым, техника, өнер, экология мен спорт бағыты бойынша білім алуына мүмкіндік беретін Инновациялық шығармашылық орталығын салу үшін жер учаскесі белгіленді.

«Damu Bala» бағдарламасы аясында ауданда қосымша білім беру қызметін ұсынатын 78 ұйым жұмыс істейді, олар шамамен 5 мың баланы қамтып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу ауданы #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);